---
title: "Алматыда «Назар аударыңыз – бағдаршам» айлығы басталды."
description: "Алматыда «Назар аударыңыз – бағдаршам» айлығы басталды. «BNews.kz», 02.04.2014ж. 2014 жылғы 1-30 сәу..."
author: "mvdgovkz"
published: "2014-04-01T21:20:04+00:00"
modified: "2014-04-01T21:20:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-nazar-audary-yz-ba-darsham-ayly-y-bastaldy-407773"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-nazar-audary-yz-ba-darsham-ayly-y-bastaldy-407773/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда «Назар аударыңыз – бағдаршам» айлығы басталды.

> Алматыда «Назар аударыңыз – бағдаршам» айлығы басталды. «BNews.kz», 02.04.2014ж. 2014 жылғы 1-30 сәу...

Алматыда «Назар аударыңыз – бағдаршам» айлығы басталды. «BNews.kz», 02.04.2014ж. 2014 жылғы 1-30 сәуірде Алматыда «Назар аударыңыз – бағдаршам» атты жолдардағы құқық бұзушылықтардың алдын алу айлығы өтеді, деп хабарлайды BNews.kz Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Назар аударыңыз – бағдаршам» айлығы құқық бұзушылықтар мен жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, жолдардағы апаттық жағдайлар мен өлім деңгейін, ЖКО-да жарақаттанған ересектер мен балалардың санын төмендетуге бағытталған. Акция аясында әкімшілік полицияның басқарушы құрамынан жұмыс тобы жасақталды. Топ жол-көлік жағдайын жақсарту мәселелері бойынша жедел шешімдер қабылдайтын болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-nazar-audary-yz-ba-darsham-ayly-y-bastaldy-407773](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-nazar-audary-yz-ba-darsham-ayly-y-bastaldy-407773)