---
title: "Алматыда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсететін мемлекеттік органдардың қатысуымен брифинг өтті"
description: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентті..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2016-11-14T05:44:30+00:00"
modified: "2016-11-14T05:44:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-memlekettik-k-rsetiletin-yzmetterdi-k-rsetetin-memlekettik-organdardy-atysuymen-brifing-tti-726437"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-memlekettik-k-rsetiletin-yzmetterdi-k-rsetetin-memlekettik-organdardy-atysuymen-brifing-tti-726437/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсететін мемлекеттік органдардың қатысуымен брифинг өтті

> Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентті...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті *(бұдан әрі - Департамент)* Алматы қаласы Әділет департаменті, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, жер қатынастары, білім және денсаулық сақтау басқармаларының басшыларымен бірлесіп көрсетілетін қызметтердің сапасының негізгі көрсеткіштері туралы хабардар ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылардың құқықтары туралы және оның сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ету шараларына байланысы тұрғысынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы азаматтардың хабардар болуын арттыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өткізді.

Департамент басшысының орынбасары Шынарай Әлімхан көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы ақпарат берді.

Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлбану Әміртаева бүгінгі таңда басқармамен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 31 түрі көрсетіледі, соның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 13 және басқармамен 18. Сонымен бірге, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында стандарттармен регламенттерді жетілдіру жұмыстарды атқарылып жатқанын айтты.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бағдагүл Әбдірәсілова мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрлері туралы айтып, ағымдағы жылдың 9 айында басқармамен 5 млн. астам қызмет соның бір бөлігі «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілгені туралы айтып өтті.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиевтің айтуы бойынша басқарма мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 20 түрін көсетеді, соның ішінде мүгедектерге шипажайлық-курорттық емделуге жолдама беру. Сонымен бірге, Мәслихат шешіміне сәйкес үстіміздегі жылы Алматы қаласы мүгедектерінің барлығы шипажайлық-курорттық емделуге жолдама алатынын айтты.

Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Самамбетов пен Әділет департаменті басшысының орынбасары Қанат Базарбаев мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы және азаматтарға қызмет көрсету аясында енгізілген өзгерістер туралы айтты.

Брифинг сұрақ-жауап форматында өтті.

![Алматыда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсететін мемлекеттік органдардың қатысуымен брифинг өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/0Bkeys5v9pZbLwd9T6HZ9TS4y1Vfcr.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-memlekettik-k-rsetiletin-yzmetterdi-k-rsetetin-memlekettik-organdardy-atysuymen-brifing-tti-726437](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-memlekettik-k-rsetiletin-yzmetterdi-k-rsetetin-memlekettik-organdardy-atysuymen-brifing-tti-726437)