---
title: "Алматыда медицина саласында жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар-мәжіліс өткізілді"
description: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2015-12-09T22:49:47+00:00"
modified: "2015-12-09T22:49:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-medicina-salasynda-zhem-orly-ty-aldyn-alu-boyynsha-seminar-m-zhilis-tkizildi-666781"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-medicina-salasynda-zhem-orly-ty-aldyn-alu-boyynsha-seminar-m-zhilis-tkizildi-666781/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда медицина саласында жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар-мәжіліс өткізілді

> Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті қалалық денсаулық сақтау Басқармасы №12 клиникалық аурухана қызметкерлерімен бірге семинар-жиын өткізді.

Жиын барысында сөз алған агенттіктің Алматы қаласы бойынша Департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және қоғаммен өзара ықпалдастық бөлімінің басшысы Анапин Мақсатхан Анапияұлы сыбайлас жемқорлықтың зардаптары, Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы 2015-2025 Стратегиясы мен Қылмыстық Кодексінің тиісті баптарына түсіндірме берді. «Қазіргі таңда Алматы қаласының денсаулық сақтау Басқармасы мемлекеттік қызметтің 12 түрін көрсетеді. Бұл орайда, агенттіктің Алматы қалалық Департаменті тарапынан мемлекеттік медициналық мекемелерде медициналық қызметтердің заң аясында тиісті жоғары дәрежеде көрсетілуін қамтамасыз ету үшін бірқатар тексеріс жұмыстары жүргізілуде»,-деді Анапин Мақсатхан.

Басты мақсаты мемлекеттік мемлекеттік қызметті көрсету барысында жемқорлық қылмысының жасалуына себеп болатын жағдайларды анықтау болып табылатын агенттіктің Алматы қаласы бойынша Департаментіндегі сыбайлас жемқорлық жағдайларын талдау бөлімі туралы да біраз айтылды

Кезекпен сөз алған Алматы қаласының денсаулық сақтау Басқармасының өкілі Дәулет Әбдірахманов мемлекеттік қызмет сапасын көтеру мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатымен өткізіліп жатқан шараларға тоқталды. Атап айтқанда, қазіргі таңда Басқарма жанынан ем алушы азаматтардың құқығын қорғайтын, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алумен айналысатын қоғамдық Кеңес жұмыс жасайтыны белгілі болды.

Жиын соңында аталмыш медициналық мекеменің бас дәрігерінің орынбасары Әбдірова Тамара Мұтәлімқызы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Президенттің халыққа Жолдауы жүктеген міндеттерді жиналған жұртшылыққа түсіндіріп, халықтың әлеуметтік жағдайының оңалуы жемқорлық көріністерінің кемуіне септігін тигізетінін, ал жемқорлық деңгейінің төмендеуі ел эконмикасына шетел инвестицияның құюлуына жол ашатынын айтты.

Халықтың құқықтық сауаттылығын көтеру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеру - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басты міндеттерінің қатарында.

Осы себепті агенттіктің Алматы қаласы бойынша Департаменті тарапынан медцина қызметкерлері үшін түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Мұндай іс-шаралар барысында медицина мамандарына Елбасының 2014 жылы 26 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 Стратегиясы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі және жалпы жемқорлықтың қоғам үшін зардаптары түсіндіріледі.

![Алматыда медицина саласында жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар-мәжіліс өткізілді](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/Kc342N5fPGZ8zRkqJQAjiZ5ZbpF24Q.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-medicina-salasynda-zhem-orly-ty-aldyn-alu-boyynsha-seminar-m-zhilis-tkizildi-666781](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-medicina-salasynda-zhem-orly-ty-aldyn-alu-boyynsha-seminar-m-zhilis-tkizildi-666781)