---
title: "Алматыда лаңкестікті насихаттады деген күдікпен..."
description: "2024 жылғы 28 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) прокуратураның үйлестіруі және Алматы қаласы полициясының көмегімен терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 шетелдік азаматты ұстады. ҰҚК баспасөз қызметінің тергеу мәліметіне сүйеніп..."
author: "orazali"
published: "2024-05-29T04:37:03+00:00"
modified: "2024-05-29T04:37:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-la-kestikti-nasihattady-degen-k-dikpen-sheteldikter-staldy-1005080"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-la-kestikti-nasihattady-degen-k-dikpen-sheteldikter-staldy-1005080/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда лаңкестікті насихаттады деген күдікпен...

> 2024 жылғы 28 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) прокуратураның үйлестіруі және Алматы қаласы полициясының көмегімен терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 шетелдік азаматты ұстады. ҰҚК баспасөз қызметінің тергеу мәліметіне сүйеніп...

*2024 жылғы 28 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) прокуратураның үйлестіруі және Алматы қаласы полициясының көмегімен терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 шетелдік азаматты ұстады. *

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/25ee7b224e52df705d7d31e5a5e942.jpg)

ҰҚК баспасөз қызметінің тергеу мәліметіне сүйеніп хабарлауынша, олар бұрын ұзақ уақыт шет елде тұрып, радикалды діни идеологияға тартылған.

Қазақстанға ағымдағы жылы келген, тұрақты жұмыстары болмаған.

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-la-kestikti-nasihattady-degen-k-dikpen-sheteldikter-staldy-1005080](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-la-kestikti-nasihattady-degen-k-dikpen-sheteldikter-staldy-1005080)