---
title: "Алматыда әкім веложарысқа қатысып, Премьер таңғы жаттығу өткізеді"
description: "Алматыда Спорт күні аясында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов веложарысқа қатысып, ҚР Премьер..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-08-14T00:17:35+00:00"
modified: "2013-08-14T00:17:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-kim-velozharys-a-atysyp-premer-ta-y-zhatty-u-tkizedi-368709"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-kim-velozharys-a-atysyp-premer-ta-y-zhatty-u-tkizedi-368709/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда әкім веложарысқа қатысып, Премьер таңғы жаттығу өткізеді

> Алматыда Спорт күні аясында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов веложарысқа қатысып, ҚР Премьер...

# [!\[Алматыда әкім веложарысқа қатысып, Премьер таңғы жаттығу өткізеді\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/08/0bad6533fe58e5c3abcbd7c0307e07f9-300x224.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/08/0bad6533fe58e5c3abcbd7c0307e07f9.jpg)

# Алматыда Спорт күні аясында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов веложарысқа қатысып, ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов қатысуға ниет білдірген барлық қала тұрғындары және қала қонақтарымен қоса тікелей эфирде таңғы жаттығу өткізеді, деп хабарлайды [BNews.kz](http://www.bnews.kz/kk) тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда Спорт күніне орайластырылған қала әкімінің қатысуымен өтетін веложарыс 2013 жылдың 17 тамызына белгіленген. Ол таңертең 8.30-да Тәттімбет көшесінің қиылысындағы әл-Фараби даңғылынан бастау алып, Тұңғыш Президент саябағына дейін жалғасады. Мәре сызығында жобаның белсенді қатысушылары естелік сыйлықтармен марапатталатын болады, деп көрсетілген хабарламада. Шара концерттік бағдарламаға ұласады.

Сондай-ақ, сағат 10-да ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов тікелей эфир арқылы таңғы жаттығуды дұрыс жасау әдісімен бөліседі.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-kim-velozharys-a-atysyp-premer-ta-y-zhatty-u-tkizedi-368709](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-kim-velozharys-a-atysyp-premer-ta-y-zhatty-u-tkizedi-368709)