---
title: "Алматыда кезекті веломаусым басталды"
description: "Қашықтығы 7,5 шақырымды құраған велошеруге 1000-ға жуық қала тұрғындары қатысты. Жарыс әл-Фараби даң..."
author: "Seke"
published: "2021-06-28T06:37:42+00:00"
modified: "2021-06-28T06:37:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-kezekti-velomausym-bastaldy-940136"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-kezekti-velomausym-bastaldy-940136/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда кезекті веломаусым басталды

> Қашықтығы 7,5 шақырымды құраған велошеруге 1000-ға жуық қала тұрғындары қатысты. Жарыс әл-Фараби даң...

![Алматыда кезекті веломаусым басталды](https://storage.yvision.kz/images/user/28240/90fd442c5f163f6acdd7e169441415.jpg)

Қашықтығы 7,5 шақырымды құраған велошеруге 1000-ға жуық қала тұрғындары қатысты. Жарыс әл-Фараби даңғылы бойындағы «Нұрлытау» бизнес орталығынан басталып, Тұңғыш Президент саябағына дейін ұласты.

![Алматыда кезекті веломаусым басталды](https://storage.yvision.kz/images/user/28240/56a3e0ec6bcb013304a6bf24483e9d.jpg)

Мәреде вакцина салдырған қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар мен алты велосипед ойнатылды. Бүгін оның иегері Абылай атанды.

![Алматыда кезекті веломаусым басталды](https://storage.yvision.kz/images/user/28240/8134c93b669d5746e667f09a6499cb.jpg)

«Қаламызда веломаусым ашылды. Бұл өте керемет! Спортпен айналысатын адамдардың иммунитеті мықты болады. Оны бәріміз білеміз. Алдында мен Спутник-5 вакцинасын салдырдым. Енді қай жерге барсамда, жол ашық. Міне, бүгін велошеруге қатысып, осындай велосипед ұтып алдым. Спорттық Алматыға көп рахмет.» -дейді қала тұрғыны Абылай.

![Алматыда кезекті веломаусым басталды](https://storage.yvision.kz/images/user/28240/333698828a2a9d2e8bd6daf140172c.jpg)

Айта кетер жайт, осы велошеру Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен «Спорттық Алматы» бағдарламасының аясында өткізілді. Аталмыш бағдарлама мегаполистегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылуда. Фото: Ольга Апельганец

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-kezekti-velomausym-bastaldy-940136](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-kezekti-velomausym-bastaldy-940136)