---
title: "Алматыда күзгі ауылшаруашылық жәрмеңкесі ашылды"
description: "«Үш апта бойы, яғни 13, 20 және 27 қазан күндері, Алматыда көршілес аймақтардың қатысуымен кеңейтілг..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2018-10-14T04:07:12+00:00"
modified: "2018-10-14T04:07:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-k-zgi-auylsharuashyly-zh-rme-kesi-ashyldy-816763"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-k-zgi-auylsharuashyly-zh-rme-kesi-ashyldy-816763/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда күзгі ауылшаруашылық жәрмеңкесі ашылды

> «Үш апта бойы, яғни 13, 20 және 27 қазан күндері, Алматыда көршілес аймақтардың қатысуымен кеңейтілг...

«Үш апта бойы, яғни 13, 20 және 27 қазан күндері, Алматыда көршілес аймақтардың қатысуымен кеңейтілген ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді. Бұл сенбі күні Атакент алаңының алдындағы алаңда күзгі іс-шаралар маусымы Алматы облысының тауар өндірушілерімен ашылады», - деп хабарлады Алматы ауыл шаруашылығы және ветеринария департаменты.

Қала тұрғындарына жалпы көлемі 240 тонна болатын 45-тен астам өнім ұсынылады, оның ішінде: ет және балық өнімдері - 19 тонна, жеміс-көкөніс өнімдері - 125, сүт өнімдері - 6 тоннадан астам.

Дәстүр бойынша бағалар нарықтағыдан 15-20% төмен болады. Мысалы, қой еті 1300 теңгеден, тауық еті 610 теңгеден, ал картоп 75 теңгеден сатылады.

Еске салайық, кеңейтілген ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесі азаматтарды жоғары сапалы және әртүрлі өнімдерге қолжетімді бағамен қамтамасыз ету үшін өткізіледі. Демалыс күндері жәрмеңкеде Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өнімдерін сатуға рұқсат беріледі.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-k-zgi-auylsharuashyly-zh-rme-kesi-ashyldy-816763](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-k-zgi-auylsharuashyly-zh-rme-kesi-ashyldy-816763)