---
title: "Алматыда кәмелетке толмаған жүргізуші ірі жол апатына..."
description: "Алматыдағы әл-Фараби даңғылында бірнеше көлік соқтығысып қалды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Мәлімет бойынша, жол апаты кеше кешкі сағат 21.00-де Бостандық ауданында болған. \"4 көлік соқтығысты. Алдын ала..."
author: "orazali"
published: "2024-03-20T05:53:36+00:00"
modified: "2024-03-20T05:53:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-k-meletke-tolma-an-zh-rgizushi-iri-zhol-apatyna-sebepker-boldy-1002459"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-k-meletke-tolma-an-zh-rgizushi-iri-zhol-apatyna-sebepker-boldy-1002459/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда кәмелетке толмаған жүргізуші ірі жол апатына...

> Алматыдағы әл-Фараби даңғылында бірнеше көлік соқтығысып қалды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Мәлімет бойынша, жол апаты кеше кешкі сағат 21.00-де Бостандық ауданында болған. "4 көлік соқтығысты. Алдын ала...

*Алматыдағы әл-Фараби даңғылында бірнеше көлік соқтығысып қалды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.*

Мәлімет бойынша, жол апаты кеше кешкі сағат 21.00-де Бостандық ауданында болған.

"4 көлік соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша Toyota Camry көлігінің 17 жастағы жүргізушісінің кінәсінен жол апаты болды. Зардап шеккендер жоқ. Аталған дерек Бостандық ауданының полиция басқармасында тіркеліп, өндіріске қабылданды. Сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Оқиғаның [видеосы](https://web.telegram.org/a/#-1001419574360) әлеуметтік желіде тарады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-k-meletke-tolma-an-zh-rgizushi-iri-zhol-apatyna-sebepker-boldy-1002459](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-k-meletke-tolma-an-zh-rgizushi-iri-zhol-apatyna-sebepker-boldy-1002459)