---
title: "Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?"
description: "15-16 қыркүйек аралығында Алматы әлемдік цирк өнерінің астанасына айналды. Бұл күндері Алматы циркі ..."
author: "Arsik"
published: "2012-11-10T00:34:00+00:00"
modified: "2012-09-16T23:21:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-haly-araly-cirk-festivali-al-ash-ret-alay-tti-290487"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-haly-araly-cirk-festivali-al-ash-ret-alay-tti-290487/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?

> 15-16 қыркүйек аралығында Алматы әлемдік цирк өнерінің астанасына айналды. Бұл күндері Алматы циркі ...

*15-16 қыркүйек аралығында Алматы әлемдік цирк өнерінің астанасына айналды. Бұл күндері Алматы циркі Германия, Италия, Франция, Қытай, АҚШ, Ресей және Украинаның цирк өнерінің жұлдыздары жиналып, Алматы халқын шат күлкіге бөледі.*

*

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/9YTY8PUVAiTvYZ5rqxqtvUz4C7lJnX.jpg)

*

Алғашқы International Circus Festival–ді Мәдениет жылы аясында Алматы әкімдігі ұйымдастырып отыр. Егер әлемдік цирк фестивальдерінің тарихына көз тастайтын болсақ, бұл ең атақты, әрі беделді Фестиваль Монте-Карлода 37 рет болған. 20 рет цирк өнерінің жұлдыздарын Будапешт, 10 рет Мәскеу қабылдаған екен. Ал Алматы бұндай көлемдегі іс-шараны бірінші рет өткізіп жатыр.

Бұл Фестивальден кейін Қазақстанда цирк өнерінің жаңа парақшасы ашылады десек, артық айтпағанымыз болар.

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/q8Z45wnaJI1FJ5BECk692UU8QKyKH7.jpg)

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/6K1x1JvgxXQ7iKMVWQw2rEDtQY98iK.jpg)

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/LXpG014899hOyS0I5PZ2Wx6qIND0EF.jpg)

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/PBPi5Hx6DBv0EDMBOY47xxL6TT7pY2.jpg)

Екі күн бойы көрермендерді Латвия және Вьетнам циркінің әртістері өз өнерімен таңқалдырса, Майамидің әртістері акробатикалық жанрда сирек кездесетін «икариялық ойындар» немесе «аяқпен жонглерлеу» шоуын көрсетті.

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/ty3Y5VAssc4m2C3Ym2Kxdgli5C4d6t.jpg)

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/UWPbw1XaCy7c9oWVsSm4laKQvwdEW0.jpg)

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/MS54Zl0V47Y7U2iKqjFGgB6wO302V3.jpg)

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/445UUdQu2xKG6C48652q7nEiAJ3ZjY.jpg)

Ұлы цирк династиясының жалғастырушысы 16 жасар Андреа Буглион “Диабло” бұйымымен.

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/nBJid3a6Fa4LkJhIx9w29nmHEV1j9t.jpg)

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/B2qFZ2brsG5Rs4Ou2LVchFMsQTNjHv.jpg)

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/IgrX3v1gLquX12g22FbeuJodTSUz2Y.jpg)

Германия циркінің әртісі Виктория Лапидус.

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/68Sz18fRDa9WV537B4lk902GGLAUrV.jpg)

- Мен Украинада туып-өскенмін. Германияда тұрып жатқандығыма 18 жыл болды. Қазіргі уақытта Германия циркінің әртісімін. Германияда циркке қарағанда ревю жақсы дамыған. Негізі өзім ревюмен айналысамын. Ал циркке кейде ғана шығамын.

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/XD0TXiCa0y2h4km9w0r5Sl3b5snTIe.jpg)

Беларуссиядан келген клоун Дмитрий Чистолинов

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/DkMLD3bTo8F7Y5O0yjn3cg4IxSWeY3.jpg)

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/e3wNemyiRsLsQpZoZM1JXEM81AcRi2.jpg)

Бұл кеште 46 килограммнан тұратын 6 гірді қолымен де, тісімен де көтеріп, зілдей көлікті жаяу тартып жүргізіп, іші толған адамы бар машина астында қалған Ресейлік Фахриддин Ахназаров барлық көрермендерді ерекше таңқалдырған батыр.

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/bKa5wc8Fc8qjF4zGbs332a0Av7laKU.jpg)

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/bxSPiYLXa4fXNm0Ni56t05l1gHC3dW.jpg)

Ол өзінің өнері жайында:
- Мен бұл өнермен айналысып жүргеніме 25 жыл болды. Өзбекстанда туып-өскендігім болмаса, ол жақта өнер көрсеткен емеспін. Кезінде Ресейге оқуға барған болатынмын. Содан сонда жұмыс істеуге қалдым. Бұл шоуды жасау маған оңай. Егер ақысын толық төлесе, пілді де алып келе аламын. Алматыға екінші рет келіп тұрмын. Әдемі, жылы қала. Қазақ тағамдары да дәмді екен. Мұнда 2 күнге емес, жұмыс істеуге жарты жылға келгенде болар еді.

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/KCKxK4V3H222chiWF4Esn5rddGS438.jpg)

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/FKlCaO42JPfCxqXfpgLevF1VsnJU30.jpg)

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/PuQsszgTmuQ8er1ZNwwC585cdlM834.jpg)

Сонымен қатар, Еуропаның атақты комигі Питер Шаб Circus Festival-ге қонаққа келіп, көрермендерді ду күлкіге қарқ қылды. Питер Шабтың бұл өнерге келгеніне 30 жыл болыпты. Ол 1983 жылы АҚШ-тың Mime Festival-інде Made to Measure жеке шоуы үшін бірінші орын алған. Ал 1985 жылы Парижде өткен 8-ші Cirque de Demain әлемдік Фестивалінде күміс жүлденің иегері атанса, 1994 жылы Монте-Карлода өткен Фестивальде күміс клоун мүсінің жеңіп алған. Қазіргі таңда ол өзінің шәкірттеріне «актерлік шеберлік» бойынша сабақ береді. Сонымен қатар, неміс ТВ шоуларына жиі қатысып тұрады.

Шаб өзінің творчествосы жайында: «Басында мен сабырлы-салмақты әртіс болғым келген. Бірақ мен сахнаға шыққан сайын адамдар күле бастайтындығын көріп, бұл менің күшім екендігін сездім» - дейді.

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/K6g60ozdaX3WdrZDRnI5I2G6xTflyF.jpg)

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/1i8yJoYsF5oL7USHsyEW34902JLDt2.jpg)

Ресейден келген “Ағайынды Запашныйлар” циркінің әртіс қыздары “Акробатикалық этюдімен”.

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/cnjFGm3zG7U3OOhga9V73tgpNTF06u.jpg)

Вьетнамдық қонақ Тху Иен.

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/fO4474J6TO72zrkPhvT51LDbq0bc9s.jpg)

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/TccolAx0PvBERhtJQh2BIWIgUA1Wq8.jpg)

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/nJQZzWQ2RCeRRZgR8OZ4k6HDHQAfp4.jpg)

Эквилибрист Владимир Малашихин, АҚШ

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/N1lORVWxiDJrKdOPioPzCS3qhMm4xw.jpg)

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/WkOL6k83jsn4j5s90uA13BW0K6Rw11.jpg)

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/g19IdC003huhveQdGb2ydyPSUZt19s.jpg)

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/tz4ekIeC9044skc7j18pH8ej17CI1w.jpg)

АҚШ-тың акробатика шеберлері Джош және Майлс

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/udu8bfjdZlqLnjMo8jH8cPhGmK0YLX.jpg)

Барша шетелдіктерді таңқалдырған Қазақстандық жігіттер “Nomad”.

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/gT3lh8f2Nlf5IKo18qPCF8kmsaRMG1.jpg)

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/vY8K7xzP0MpD8xKPKrg5o7VlaFbIFV.jpg)

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/D4V3kFbK8D3W96l5E4Z3Gv9IIQ782N.jpg)

Ал енді цирктың басты көрермендері кішкентай бүлдіршіндерге сөз берсек.

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/V99ME9du68Bb3EsYuKvK753H3sr2EA.jpg)

Лия, 7 жаста:
- Маған цирк өте ұнады. Әсіресе клоундар.

![Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/n8Ke6D4zKvM3STzfw2wNC0JLR369O2.jpg)

Рия мен Анасы Дина:
- Circus Festival өте ұнады. Әсіресе Ветнамдықтардың шоуы. Таңғажайып, әдемі қойылым.

Осымен үлкен-кішіге думанды мереке сыйлаған цирк күндері аяқталып, әртістер кезекті қала көрермендерін таңғалдыруға асығып кетті.

*Материалды дайындаған: Айжан Кәрібаева, Айнұр Ракишева*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-haly-araly-cirk-festivali-al-ash-ret-alay-tti-290487](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-haly-araly-cirk-festivali-al-ash-ret-alay-tti-290487)