---
title: "Алматыда екі рет жер сілкінуі сезілді"
description: "Алматыда жер сілікінісі қатты сезіліп, шошыған тұрғындар далаға шығып кетті. Фото:..."
author: "jan.123"
published: "2024-01-22T18:56:09+00:00"
modified: "2024-01-22T19:00:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-eki-ret-zher-silkinui-sezildi-1000159"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-eki-ret-zher-silkinui-sezildi-1000159/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда екі рет жер сілкінуі сезілді

> Алматыда жер сілікінісі қатты сезіліп, шошыған тұрғындар далаға шығып кетті. Фото:...

Алматыда жер сілікінісі қатты сезіліп, шошыған тұрғындар далаға шығып кетті.

![Алматыда екі рет жер сілкінуі сезілді](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/78c2eddcde81f07442ad4e0b7dd4ea.jpg)

Фото: facebook.com/Асхат Қасенғали

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстен мен Қырғызстан шекарасы аумағында болды.

Энергетикалық санаты – 15.1. MPV тербелісі – 6.7. Тереңдігі – 65 км.

Жер сілкінісі Алматыда 4 балл деңгейінде (MSK-64 шкаласы бойынша) сезілді.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өзара іс-қимыл алгоритмі бойынша тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының жұмысына мониторинг жүргізіліп жатыр.

Ал тұрғындар шошып, далаға шығып кеткен.

https://www.facebook.com/100005557454372/videos/698910525687321

Осы дүрлігістен кейін біраздан соң тағы да жерасты дүмпуі қайталанды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-eki-ret-zher-silkinui-sezildi-1000159](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-eki-ret-zher-silkinui-sezildi-1000159)