---
title: "Алматыда дін саласындағы өзекті мәселелерді насихаттауға арналған шығармашылық байқау жеңімпаздары марапатталды"
description: "29 қазанда Алматы қаласында дін саласының өзекті мәселелерін ақпараттық кеңістікте кеңінен насихаттауға бағытталған шығармашылық байқа..."
author: "journalist_n"
published: "2025-10-29T11:02:55+00:00"
modified: "2025-10-29T11:02:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-din-salasyndagy-ozekti-maselelerdi-nasihattauga-arnalgan-shygarmashylyk-baykau-zhenimpazdary-marapattaldy-1018123"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-din-salasyndagy-ozekti-maselelerdi-nasihattauga-arnalgan-shygarmashylyk-baykau-zhenimpazdary-marapattaldy-1018123/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда дін саласындағы өзекті мәселелерді насихаттауға арналған шығармашылық байқау жеңімпаздары марапатталды

> 29 қазанда Алматы қаласында дін саласының өзекті мәселелерін ақпараттық кеңістікте кеңінен насихаттауға бағытталған шығармашылық байқа...

29 қазанда Алматы қаласында дін саласының өзекті мәселелерін ақпараттық кеңістікте кеңінен насихаттауға бағытталған **шығармашылық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.**Байқау **Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының** ұйымдастыруымен **2025 жылғы 17 ақпан мен 7 қазан аралығында** өткізілді. Жалпы **227 материал** қабылданып, қатысушылар арасында журналистер, блогерлер, сарапшылар және әлеуметтік желі белсенділері болды.Байқаудың негізгі мақсаты – **қоғамның діни сауаттылығын арттыру**, **зайырлылық қағидаттарын нығайту**, сондай-ақ **деструктивті идеологиялар, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу** бағытында сапалы ақпараттық контентті қолдау.Байқау барысында түскен барлық материалдар **5 мүшеден құралған қазылар алқасы тарапынан мұқият сарапталды және әділ бағаланды.** Жюри мүшелері әрбір жұмыстың мазмұнын, өзектілігін және қоғамдық әсерін ескеріп, **мүмкіндігінше объективті шешім қабылдады.**Байқаудың нәтижесінде интернет кеңістікте **діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында пайдалы, сапалы материалдардың саны артты.**Әлеуметтік желілерде рухани құндылықтарды, толеранттылық пен өзара түсіністікті дәріптейтін контент көбейді.**ЖЕҢІМПАЗДАР****Қазақ тіліндегі үздік интернет-мақала** – *Абдрахманов Сұлтан.* Материал: *«Теріс діни ағымдар: жастықты арбайтын тұзақ»***Орыс тіліндегі үздік интернет-мақала** – *Дастан Елдес.* Материал: *«Идеология в контексте противодействия радикализму»***Instagram желісіндегі үздік бейнеролик** – *Мырас Біржан.* Материал: *«Діни фанатизм мен терроризм салдары»***TikTok желісіндегі үздік бейнеролик** – *Рахимбек Ерсұлтан Нұрболатұлы*. Материал: *«Сақ бол, жас ұрпақ!»***Әлеуметтік желідегі үздік тақырыптық пост** – *Болатжан Әл-Фараби Нұрбекұлы*. Материал: *«Казахстан – светская страна!»***Үздік пікір** – *Кисиков Бекнур Сеитжанович*. Материал: *«Фанатизм»***Үздік мотивациялық сөз және үндеу** – *Накнавина Ақмаржан Мырзағалиқызы*. Материал: *«Қоғамдағы конфессияаралық келісім»*Ынталандыру сыйлықтарына ие болған қатысушылар да шығармашылық еңбегі үшін марапатталды. Жалпы жүлде қоры – **3 500 000 теңге.**Бұл байқау – **қоғамның рухани иммунитетін күшейтуге**, жастардың **діни сауаттылығын арттыруға** және **ақпараттық кеңістіктегі оң үрдістерді қолдауға** зор үлес қосты.Сонымен қатар, ол **ақпараттық мәдениетті дамыту мен қоғамдық бірлікті нығайтуға бағытталған тиімді алаңға** айналды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-din-salasyndagy-ozekti-maselelerdi-nasihattauga-arnalgan-shygarmashylyk-baykau-zhenimpazdary-marapattaldy-1018123](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-din-salasyndagy-ozekti-maselelerdi-nasihattauga-arnalgan-shygarmashylyk-baykau-zhenimpazdary-marapattaldy-1018123)