---
title: "Алматыда блогерлердің бірінші республикалық жиыны өтті"
description: "Басқосуға республиканың барлық аймағынан еліміздегі халық ең көп қолданылатын yvision.kz атты блогер..."
author: "AlyaLyan"
published: "2010-12-23T06:09:11+00:00"
modified: "2010-12-23T06:09:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-blogerlerdi-birinshi-respublikaly-zhiyny-tti-99767"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-blogerlerdi-birinshi-respublikaly-zhiyny-tti-99767/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда блогерлердің бірінші республикалық жиыны өтті

> Басқосуға республиканың барлық аймағынан еліміздегі халық ең көп қолданылатын yvision.kz атты блогер...

**Басқосуға республиканың барлық аймағынан еліміздегі халық ең көп қолданылатын yvision.kz атты блогерлер қауымдастығының ең беделді тұтынушылары келді.**

Кездесуді портал жетекшілігі ұйымдастырып отыр. Блогерлер жиынына келген жастар бір-бірімен жақынырақ танысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Қазіргі кезде yvision.kz сайтына күн сайын 25 мыңнан астам адам кіреді. Онда 20 мыңға жуық тұтынушы тіркелген, оның 1 жарым мыңнан астамы беделді блогерлер. Әрбір интернет тұтынушы мұнда өз күнделігін ашып, жұртшылыққа ғаламтор арқылы өз ой-пікірлерін, шығармашылығын ұсына алады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-blogerlerdi-birinshi-respublikaly-zhiyny-tti-99767](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-blogerlerdi-birinshi-respublikaly-zhiyny-tti-99767)