---
title: "Алматыда бильярд спортынан Әлем чемпионаты өтеді"
description: "Алматыда 6-9 шілде күндері бильярдтың «Қозғалмалы пирамида» түрінен Әлем чемпионаты өтеді. Онда ..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-06-27T22:00:56+00:00"
modified: "2013-06-27T22:00:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-bilyard-sportynan-lem-chempionaty-tedi-359930"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-bilyard-sportynan-lem-chempionaty-tedi-359930/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда бильярд спортынан Әлем чемпионаты өтеді

> Алматыда 6-9 шілде күндері бильярдтың «Қозғалмалы пирамида» түрінен Әлем чемпионаты өтеді. Онда ...

[!\[Алматыда бильярд спортынан Әлем чемпионаты өтеді\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/06/21-300x225.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/06/21.jpg)

 

Алматыда 6-9 шілде күндері бильярдтың «Қозғалмалы пирамида» түрінен Әлем чемпионаты өтеді. Онда 5 шілде күні жеребе тартылып, төрешілер өзара кеңес құрады. Бас қазының міндетін Беларусь елінің халықаралық дәрежедегі төрешісі Юрий Черванев атқармақ.

Байрақты бәсекеге әлемнің түкпір-түкпірінен 64 спортшы қатыспақ. Оның 8-і Қазақстаннан, Ресей, Украина, Беларусьтен бес-бестен, Әзірбайжан, Түрікменстан, Өзбекстаннан төрт-төрттен, Молдова, Латвия, Литва, Армения, Грузиядан екі-екіден, біреуі Эстониядан, қалған 10-ы алыс шет мемлекеттің өкілдері болмақ. Ал украиналық Ярослав Тарновецкий мұнда ұлттық федерацияларға берілген лимиттен тыс қатысып, өткен жылы Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында жеңіп алған Әлем чемпионы атағын қорғайтын болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-bilyard-sportynan-lem-chempionaty-tedi-359930](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-bilyard-sportynan-lem-chempionaty-tedi-359930)