---
title: "Алматыда білім беру ұйымдарының психологтарын оқыту өтті"
description: "2026 жылғы 17-21 тамыз аралығында Алматы қаласында «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы психикалық денсаулықты нығайту және суицидтікміне..."
author: "AselOmarova"
published: "2026-08-24T10:37:20+00:00"
modified: "2026-08-24T10:37:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-bilim-beru-uyymdarynyn-psihologtaryn-okytu-otti-1021807"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-bilim-beru-uyymdarynyn-psihologtaryn-okytu-otti-1021807/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда білім беру ұйымдарының психологтарын оқыту өтті

> 2026 жылғы 17-21 тамыз аралығында Алматы қаласында «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы психикалық денсаулықты нығайту және суицидтікміне...

**2026 жылғы 17-21 тамыз аралығында Алматы қаласында «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы психикалық денсаулықты нығайту және суицидтікмінез-құлықтың алдын алу» бағдарламасын іске асыру аясында білім беру ұйымдарының психологтарын оқыту өтті. Іс-шараны ЮНИСЕФ-тіңқолдауымен қалалық Психологиялық қолдау орталығы ұйымдастырды.**

![Алматыда білім беру ұйымдарының психологтарын оқыту өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/582720/d3cabb424d212b46a26374e8137cd2a7.jpg?width=1206&height=780)

Оқыту балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид қаупін ертеанықтау және оның алдын алуға арналған «Сенімді дос» бағдарламасыбойынша өткізілді. Курс барысында мамандар суицидтік мінез-құлықтыңалдын алуға оқу орнының әрбір қызметкері жұмылдырылуы тиіс дегентәсілді меңгерді.Қатысушылар жасөспірімдердің сырт келбетіндегі, мінез-құлқындағы, эмоционалдық жай-күйі мен сөздеріндегі алаңдатарлық белгілерді тануғаерекше назар аудара отырып, әрекет ету алгоритмдерін зерттеді. Психологтардағдарыс жағдайындағы баламен сенімді қарым-қатынас орнату — оныңсезімдерін құнсыздандыруды, салыстыруды және айыптауды толығыменжоққа шығаратын байланыс құру дағдыларын пысықтады.

![Алматыда білім беру ұйымдарының психологтарын оқыту өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/582720/9e109d69c5582f604b3144d50a84e102.jpg?width=1206&height=773)

Тәжірибелік сабақтарда нақты кейстерге талдау жасалды. Ол ақпараттыжасыру немесе маман емес адамдардың психолог рөлін өз мойнына алуәрекеттері қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін айқын көрсетті. Сондай-аққатысушылар уақтылы кәсіпаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығын жәнебалаларға қолдау алу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін 111 байланысорталығына жүгінуді ұсыну қажеттілігін талқылады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-bilim-beru-uyymdarynyn-psihologtaryn-okytu-otti-1021807](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-bilim-beru-uyymdarynyn-psihologtaryn-okytu-otti-1021807)