---
title: "Алматыда бұрынғы әйелін ұрып құлатқан заңгер қамауға..."
description: "Алматыда бұрынғы әйелі Салтанат Ақботаеваны қатты соққы беріп құлатқан тараздық заңгер Александар Кимді полиция ұстады. Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, Александр Ким ұрып-соққаны және біреудің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін сот шешімімен..."
author: "jan.123"
published: "2024-04-16T11:06:55+00:00"
modified: "2024-04-16T11:07:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-b-ryn-y-yelin-ryp-lat-an-za-ger-amau-a-alyndy-1003497"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-b-ryn-y-yelin-ryp-lat-an-za-ger-amau-a-alyndy-1003497/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда бұрынғы әйелін ұрып құлатқан заңгер қамауға...

> Алматыда бұрынғы әйелі Салтанат Ақботаеваны қатты соққы беріп құлатқан тараздық заңгер Александар Кимді полиция ұстады. Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, Александр Ким ұрып-соққаны және біреудің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін сот шешімімен...

*Алматыда бұрынғы әйелі Салтанат Ақботаеваны қатты соққы беріп құлатқан тараздық заңгер Александар Кимді полиция ұстады.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/4072bdf9d3f75c5011f74e1ae330c8.jpg)

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, Александр Ким ұрып-соққаны және біреудің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін сот шешімімен 25 тәулікке қамауға алынып, оған айыппұл салынған.

Естеріңізге салсақ, [Александр Салтанатты әдейі ұрмағанын, тек өзін ұстай алмай, қолын қатты сермеп жібергенін](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-b-ryn-y-yelin-ryp-lat-an-zhigit-ol-zherde-tek-ol-sermegenin-aytty-1003419) айтып ақталған еді. Оның бұлай ашулануына қызғаныш себеп болған көрінеді.

Ал онымен 11 жыл некеде болып, 4 бала тапқан Салтанат бұрынғы күйеуін нағыз зорлықшыл деп отыр. Өйткені Александр оны бірге тұрған кезде де талай ұрып-соққан.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-b-ryn-y-yelin-ryp-lat-an-za-ger-amau-a-alyndy-1003497](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-b-ryn-y-yelin-ryp-lat-an-za-ger-amau-a-alyndy-1003497)