---
title: "Алматыда бүгін түстен кейін тағы жер сілкінді"
description: "Бүгін күндіз Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпуін Төтенше..."
author: "jan.123"
published: "2024-01-23T10:45:41+00:00"
modified: "2024-01-23T10:46:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-b-gin-t-sten-keyin-ta-y-zher-silkindi-1000194"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-b-gin-t-sten-keyin-ta-y-zher-silkindi-1000194/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда бүгін түстен кейін тағы жер сілкінді

> Бүгін күндіз Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпуін Төтенше...

Бүгін күндіз Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болды.

![Алматыда бүгін түстен кейін тағы жер сілкінді](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/206d1442f63cd7671fa1ec781c5837.jpg)

Жер асты дүмпуін Төтенше жағдайлар министрлігінің "СБ және ЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 23 қаңтарда Астана уақытымен сағат 15:07-де тіркеген.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,6. Магнитудасы MPV - 4,9", - делінді таратылған хабарламада.

Соның әсерінен Алматыда 2 баллдық жер сілкінісі сезілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-b-gin-t-sten-keyin-ta-y-zher-silkindi-1000194](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-b-gin-t-sten-keyin-ta-y-zher-silkindi-1000194)