---
title: "Алматыда бүгін-ертең Наурыз мейрамы аталып өтетін..."
description: "Алматыда 21-22 наурызда Ұлыстың ұлы күнін қай жерлерге барып тойлауға болады? Фото: lbk.ru- Наурыз мейрамындағы мерекелік концерттер бірнеше локацияларда өтеді: 21 наурыз күні сағат 11:00-де «НАУРЫЗ – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ» мерекелік концерті Астана..."
author: "orazali"
published: "2024-03-21T04:58:07+00:00"
modified: "2024-03-21T04:58:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-b-gin-erte-nauryz-meyramy-atalyp-tetin-zherler-1002498"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-b-gin-erte-nauryz-meyramy-atalyp-tetin-zherler-1002498/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда бүгін-ертең Наурыз мейрамы аталып өтетін...

> Алматыда 21-22 наурызда Ұлыстың ұлы күнін қай жерлерге барып тойлауға болады? Фото: lbk.ru- Наурыз мейрамындағы мерекелік концерттер бірнеше локацияларда өтеді: 21 наурыз күні сағат 11:00-де «НАУРЫЗ – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ» мерекелік концерті Астана...

Алматыда 21-22 наурызда Ұлыстың ұлы күнін қай жерлерге барып тойлауға болады?

![Алматыда бүгін-ертең Наурыз мейрамы аталып өтетін...](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/9ff818ae2045cfeb67e86ed8c3b7ab.jpg)

Фото: lbk.ru-

Наурыз мейрамындағы мерекелік концерттер бірнеше локацияларда өтеді: 21 наурыз күні сағат 11:00-де «НАУРЫЗ – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ» мерекелік концерті Астана алаңында өтсе, 21 наурызда сағат 11:00-де Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының аумағында және 21 наурыз күні сағат 12:00-де Абай атындағы алаңда (Республика Сарайының алды), сондай-ақ 21-22 наурызда Астана алаңында сағат 19:00-ден 22:00-ге дейін танымал әртістердің қатысуымен концерттер өтеді.

Сонымен қатар, 21-23 наурыз аралығында Арбатта (Панфилов-Жібек жолы көшесі) Наурыз мейрамына арналған ойын-сауық-танымдық бағдарламалар ұйымдастырылады.

Наурыз мейрамын мерекелеу аясында Алматыда жоспарланған мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен түрлі конкурстардың тізімі қала әкімдігінің ресми сайтында жарияланған.

democrat.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-b-gin-erte-nauryz-meyramy-atalyp-tetin-zherler-1002498](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-b-gin-erte-nauryz-meyramy-atalyp-tetin-zherler-1002498)