---
title: "Алматыда ашық аспан астында музыка фестивалі өтеді"
description: "Шара 12-13 қыркүйекте Қала күнін мерекелеу аясында өтеді. Екі күн бойы оркестрлік музыканы солистер-..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2018-09-11T16:48:42+00:00"
modified: "2018-09-11T16:48:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-ashy-aspan-astynda-muzyka-festivali-tedi-814318"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-ashy-aspan-astynda-muzyka-festivali-tedi-814318/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда ашық аспан астында музыка фестивалі өтеді

> Шара 12-13 қыркүйекте Қала күнін мерекелеу аясында өтеді. Екі күн бойы оркестрлік музыканы солистер-...

Шара 12-13 қыркүйекте Қала күнін мерекелеу аясында өтеді. Екі күн бойы оркестрлік музыканы солистер-аспапшылар мен вокал өнерінің шеберлерінің қатысуымен шығармашылық ұжымдар жүзеге асырады. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі, Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі, қаланың эстрадалық-симфониялық оркестрі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі өнер көрсетеді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/315956/996741acd066d02fda5859c53dbb33.jpg)

Шараның бірінші күніне "Күйден классикаға дейін" атты концерттік бағдарлама жоспарланған. Аталған бағдарламаға қазақ халқының аспаптық музыка өнер туындылары, классикалық ән өнері, орыс және европалық классикалық әндер кіреді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/315956/5b657556e9220109f692064ffe489e.jpg)

Екінші күні концерттік бағдарлама мегаполиске арналады. Бұл күнгі репертуарға Алматының өткен және қазіргі заманға арналған танымал әндері кіреді.

Ақпарат көзі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-ashy-aspan-astynda-muzyka-festivali-tedi-814318](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-ashy-aspan-astynda-muzyka-festivali-tedi-814318)