---
title: "Алматыда қалың қар жауайын деп тұр"
description: "Алматыда қалың қар түседі деп күтіліп отыр. Бұл туралы қаланың коммуналдық инфрақұрылымды дамыту..."
author: "jan.123"
published: "2024-02-09T10:01:48+00:00"
modified: "2024-02-09T10:01:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-aly-ar-zhauayyn-dep-t-r-1000935"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-aly-ar-zhauayyn-dep-t-r-1000935/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда қалың қар жауайын деп тұр

> Алматыда қалың қар түседі деп күтіліп отыр. Бұл туралы қаланың коммуналдық инфрақұрылымды дамыту...

Алматыда қалың қар түседі деп күтіліп отыр. Бұл туралы қаланың коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасындағылар хабарлады.

![Алматыда қалың қар жауайын деп тұр](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/0e9fd07bccb23c5f95117961f4512e.jpg)

Фото: baq.kz-

"Дүйсенбі 12 ақпанда сағат 9:00-ден 21:00-ге қалыңдығы 20 сантиметр қар жауады деп күтілуде. Бұл ақпандағы орташа айлық қардың 40 пайызы болғалы тұр", - деп жазылған хабарламада.

Басқармадағылардың айтуынша, қаланың коммуналдық қызметтері қар күреуге толық дайын екен. Дүйсенбі күні көшеге 600-ге дейін техника мен 1220 жұмысшыны шығару жоспарланған.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-aly-ar-zhauayyn-dep-t-r-1000935](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-aly-ar-zhauayyn-dep-t-r-1000935)