---
title: "Алматыда алғаш рет Sisters Fashion Weekend ислам сән көрсетілімі өтті"
description: "Соның бір дәлелі - жақында Алматыда алғаш рет өткен Sisters Fashion Weekend ислам сән көрсетілімі...."
author: "Burkhanova"
published: "2023-05-10T13:03:38+00:00"
modified: "2023-06-16T09:57:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-al-ash-ret-sisters-fashion-weekend-islam-s-n-k-rsetilimi-tti-988289"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-al-ash-ret-sisters-fashion-weekend-islam-s-n-k-rsetilimi-tti-988289/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда алғаш рет Sisters Fashion Weekend ислам сән көрсетілімі өтті

> Соның бір дәлелі - жақында Алматыда алғаш рет өткен Sisters Fashion Weekend ислам сән көрсетілімі....

![Алматыда алғаш рет Sisters Fashion Weekend ислам сән көрсетілімі өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/3a283b54267608742709979b596632.jpg)

Соның бір дәлелі - жақында Алматыда алғаш рет өткен Sisters Fashion Weekend ислам сән көрсетілімі.

![Алматыда алғаш рет Sisters Fashion Weekend ислам сән көрсетілімі өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/b60d9b5b8880850901b78ab94dab76.jpg)

Көрсетілім белгілі дизайнер Сәния Ілиясованың "87.7" коллекциясымен ашылды.

![Алматыда алғаш рет Sisters Fashion Weekend ислам сән көрсетілімі өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/0b479f1114dc8e197277d141727a94.jpg)

Көрсетілім үшін Алатаудың бөктеріндегі SADU Hotel мекен жайы таңдалған екен.

![Алматыда алғаш рет Sisters Fashion Weekend ислам сән көрсетілімі өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/7e728fe9f809e14da6cfc307f35f3d.jpg)

Бұл көрсетілім тек қана отандық топтамалармен шектелген жоқ. Сонымен қатар, шетелден де атақты дизайнерлер өз коллекцияларын ұсынған болатын. Көрсетілім барысында, шоу бағдарламасы да өз деңгейінде өтті десек болады.

![Алматыда алғаш рет Sisters Fashion Weekend ислам сән көрсетілімі өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/cc877a0b2de328b205504bda3d092e.jpg)

Көрсетілімнің арнайы қонағы ретінде эстрада бағытындағы әнші Айри шақырылған болатын. Айри қызымыз құлақ құрышын қандыратын әуезді үнімен келген қонақтарды елітіп әкетті. Жанды және интерактивті музыканың арқасында көрсетілім әсерлі өтті.

![Алматыда алғаш рет Sisters Fashion Weekend ислам сән көрсетілімі өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/fc0f6716e654af5451e14de8ca323e.jpg)

Айта кетерлік жайт, кәсіби модельдер әдемі жүрістерімен бұл көрсетілімді одан сайын әрледі. Модельдер өз жұмыстарын жақсы атқарып шықты.

![Алматыда алғаш рет Sisters Fashion Weekend ислам сән көрсетілімі өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/6879deb3585727268bebf0f960815f.jpg)

Көрсетілім соңында, "Asia SPA" орталығы ұтыс ойын жасады. Фуршет, профессионалды фотограф, видеографтардың арқасында бұл көрсетілім керемет деңгейде өтті. Келген көрермендердің қуанышында шек жоқ болды десек артық айтқандық болмас.

![Алматыда алғаш рет Sisters Fashion Weekend ислам сән көрсетілімі өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/27aeef3d108602a531cf512fc87796.jpg)

SFW ұйымдастырушысы Айгүл Зайнуллина

Жобаның келесі маусымы жергілікті маркалармен толтырылады деген үміттеміз. Қазақстанда тігуді біледі, бізде назар аударуға және дамытуға лайықты, керемет, дарынды дизайнерлер бар. Тұтынушы дайын, демек нарықтық ұсыныс болады.

![Алматыда алғаш рет Sisters Fashion Weekend ислам сән көрсетілімі өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/d3b8d97379256e3b0852ab62a3f7fd.jpg)

Дайындаған: НАЗИРА БУРХАНОВА

Инстаграм: @burhanova.nazyra

#SistersFashionWeekend

#SistersFashionWeekendАлматы

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-al-ash-ret-sisters-fashion-weekend-islam-s-n-k-rsetilimi-tti-988289](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-al-ash-ret-sisters-fashion-weekend-islam-s-n-k-rsetilimi-tti-988289)