---
title: "Алматыда 8 қап ақбөкен мүйізін сатпақ болғандар ұсталды"
description: "Төрт адам 8 қапқа салынған 1200-ден астам мүйізді сатпақ болған. Олардың бұл заңсыз әрекеті Алматы қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген арнайы іс-шараның нәтижесінде анықталды. \"Арнайы іс-шараның негізгі..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-05-21T12:20:07+00:00"
modified: "2024-05-21T12:20:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-8-ap-a-b-ken-m-yizin-satpa-bol-andar-staldy-1004848"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-8-ap-a-b-ken-m-yizin-satpa-bol-andar-staldy-1004848/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда 8 қап ақбөкен мүйізін сатпақ болғандар ұсталды

> Төрт адам 8 қапқа салынған 1200-ден астам мүйізді сатпақ болған. Олардың бұл заңсыз әрекеті Алматы қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген арнайы іс-шараның нәтижесінде анықталды. "Арнайы іс-шараның негізгі...

*Төрт адам 8 қапқа салынған 1200-ден астам мүйізді сатпақ болған. Олардың бұл заңсыз әрекеті Алматы қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген арнайы іс-шараның нәтижесінде анықталды.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/b56736949d9b0e338882f65ec4053e.jpg) "Арнайы іс-шараның негізгі кезеңін Алматы облысының аумағында жедел қызметкерлер мен арнайы жасақ жүргізді. Ол жерде Hyundai автокөлігі тоқтатылды, оның ішін тінту барысында 1212 дана көлеміндегі 8 қап мүйіз табылды және тәркіленді. Күдіктілер ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов. Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Polisia.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-8-ap-a-b-ken-m-yizin-satpa-bol-andar-staldy-1004848](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-8-ap-a-b-ken-m-yizin-satpa-bol-andar-staldy-1004848)