---
title: "Алматы ЖЭО-2-ны газға алмастыру атмосфераға шығарындыларды 30 есеге төмендетуге мүмкіндік береді"
description: "Алматы қаласындағы ЖЭО-2-ны газға алмастыру қаланың ауа жағдайын сапалы жақсартуға және ЖЭО-2-дан шы..."
author: "minenergo"
published: "2017-09-26T21:42:14+00:00"
modified: "2017-09-26T21:42:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-zheo-2-ny-gaz-a-almastyru-atmosfera-a-shy-aryndylardy-30-esege-t-mendetuge-m-mkindik-beredi-779919"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-zheo-2-ny-gaz-a-almastyru-atmosfera-a-shy-aryndylardy-30-esege-t-mendetuge-m-mkindik-beredi-779919/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматы ЖЭО-2-ны газға алмастыру атмосфераға шығарындыларды 30 есеге төмендетуге мүмкіндік береді

> Алматы қаласындағы ЖЭО-2-ны газға алмастыру қаланың ауа жағдайын сапалы жақсартуға және ЖЭО-2-дан шы...

Алматы қаласындағы ЖЭО-2-ны газға алмастыру қаланың ауа жағдайын сапалы жақсартуға және ЖЭО-2-дан шығарындыларды 30 мың тоннадан 1,0 мың тоннаға дейін төмендетуге, сондай-ақ жыл сайын 900,0 мың тоннаға дейін күл-қоқыс қалдықтардың жыл сайынғы көлемін төмендетуге мүмкіндік береді. Алматы қаласы бойынша 2016 жылы жалпы шығарындылар (жылжымалы көздерді ескере отырып) 285,0 мың тоннаны құрады, оның ішінде «ЖЭО-2» АҚ нысандарының үлесіне 11% шығарындылар (31,59 мың тонна) тиесілі. Бұдан басқа, жеке сектор толығымен газға ауыстырылмаған (5%). Мұндай деректерді табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы келтіреді.

ҚР ЭМ Баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-zheo-2-ny-gaz-a-almastyru-atmosfera-a-shy-aryndylardy-30-esege-t-mendetuge-m-mkindik-beredi-779919](https://yvision.kz/kk/post/almaty-zheo-2-ny-gaz-a-almastyru-atmosfera-a-shy-aryndylardy-30-esege-t-mendetuge-m-mkindik-beredi-779919)