---
title: "Алматы төріне христиан шыршасы орнатылды"
description: "Алматы христиан мерекесі – Жаңа жылды әлемде бірінші болып тойлауды бастады. Оған қаланың ескі алаңы..."
author: "Rukh_pen_til"
published: "2012-11-29T05:49:17+00:00"
modified: "2012-11-29T05:49:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-t-rine-hristian-shyrshasy-ornatyldy-305545"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-t-rine-hristian-shyrshasy-ornatyldy-305545/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматы төріне христиан шыршасы орнатылды

> Алматы христиан мерекесі – Жаңа жылды әлемде бірінші болып тойлауды бастады. Оған қаланың ескі алаңы...

Алматы христиан мерекесі – Жаңа жылды әлемде бірінші болып тойлауды бастады. Оған қаланың ескі алаңында Жаңа жыл шыршасының 1 ай (!) бұрын орнатылуы дәлел. Қазақ даласында христиан діні мен оның салт-дәстүрлері мәжбүрлі түрде енгізіліп, тарағанын ескерсек, қала билігінің мұндай қиянатқа баруына не себеп? Әлде қазақтар ежелден шоқынып, жасыл шыршаны айналған ба екен? Әрине, жоқ! Онда 1 ай бұрын Жаңа жылдық шыршаның орнатудың қажеттілігі қанша?

ТОлығырақ: [http://rukhpentil.org/?p=1602](http://rukhpentil.org/?p=1602)

«1-2 қаңтар – Жаңа жыл» деп ресми күн деп белгіленген. Демек, жасыл шырша осы күннің алдында бірнеше күн бұрын орнатылса да, ешкім қарсы емес. Бірақ, 1 ай бұрын шырша орнату қажет деп заңда немесе басқа бір құқықтық актіде жазылған ба? Егер жазылмаса, мұндай «белсенділіктің» кімге керегі бар? Әлде биліктегілер христиандар Жаңа жылының алдында барлығымыз үшін қастерлі Тәуелсіздік күнінің бар екенін ұмыт қалдырды ма екен? Немесе желтоқсандықтардың ерлігі естерінен шығып кетті ме екен? Мүмкін, осы Жаңа жыл мен жасыл шырша қазаққа тәуелсіздік әперіп, ұлт егемендігін қалаған шығар? Биліктегі кейбір опасыздар солай деп те ойлап отырған шығар.

Мұның бәрі биліктің Қазақстанның ұлттық мемлекетке айналып кетуінен қорыққандықтан жасалған айла-шаралар. Себебі, қазіргі Қазақстан билігіне қазақ та, оның тілі де, діні де керек емес. Билік баяғыдан-ақ қазақтан теріс бұрылған еді. Сондықтан да осы секілді арандатушылық әрекеттерді жасауда. Қазақ рухын жерге таптап, үнін өшіру үшін де Жаңа жылды Тәуелсіздік күнінен бұрын тойлауды бастады. Бұған Жаңаөзен қаласын «Бекет ата» деп өзгерту, қала алаңында ойын-сауық орталығын салу сияқты бастамаларды қосыңыз. Мұндай мысалдар артып жетіледі.

Жарайды, жасыл шырша тігілді, қазақ ұлтына қиянат жасалды. Бірақ, бұған қарамастан, қазақ ұлты тірі, рухы бар, тілі жанды. Демек, ұлтсызданумен күресуге қазақтың қауқары бар. Бұл күрес жүріп жатыр да. Бірақ, қазақ тарихына мән беретін болсақ, қазақ халқына қарсы жасалған барлық зорлық-зомбылыққа, соғыстарға қарамастан, түбінде «мың тіріліп» шыққан. Сондықтан, ешқандай христиандық шырша қазақ ұлтын жоя алмайды.

Алмас АРЫН

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-t-rine-hristian-shyrshasy-ornatyldy-305545](https://yvision.kz/kk/post/almaty-t-rine-hristian-shyrshasy-ornatyldy-305545)