---
title: "Алматы студенттерінің Альянсы мини-футболдан қалалық турнир ұйымдастырды"
description: "Спорт және денсаулық сақтау бағыттарындағы тапсырмалардың өз деңгейінде жүргізіліп жатқанын Лондон –..."
author: "alyans"
published: "2012-11-07T23:10:56+00:00"
modified: "2012-11-07T23:10:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-studentterini-alyansy-mini-futboldan-alaly-turnir-yymdastyrdy-299652"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-studentterini-alyansy-mini-futboldan-alaly-turnir-yymdastyrdy-299652/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматы студенттерінің Альянсы мини-футболдан қалалық турнир ұйымдастырды

> Спорт және денсаулық сақтау бағыттарындағы тапсырмалардың өз деңгейінде жүргізіліп жатқанын Лондон –...

Спорт және денсаулық сақтау бағыттарындағы тапсырмалардың өз деңгейінде жүргізіліп жатқанын Лондон – 2012 олимпиадасындағы Қазақстандық спорт шеберлерінің жеті бірдей алтын алқаны мемлекет қоржынына енгізуінен көре аламыз.

![Алматы студенттерінің Альянсы мини-футболдан қалалық турнир ұйымдастырды](https://storage.yvision.kz/images/user/alyans/HVxx00JUa5226KGA3rf7qPE4Lw709Q.jpg)

Бірақ, салауатты өмір салтын ұстануға, қазақстандық командалардың шет елдер чемпионаттарының жоғары лигаларына қатысу мүмкіндігін жоғарылатуға барлық халық, әсіресе жастар, жауапкершілікпен қарауға міндетті.

![Алматы студенттерінің Альянсы мини-футболдан қалалық турнир ұйымдастырды](https://storage.yvision.kz/images/user/alyans/TlQGqN2bH2KlkZN6y81mpzLGei6egk.jpg)

Осы орайда, Алматы студенттерінің Альянсы мини-футболдан қалалық турнир ұйымдастырды. Турнир 2012 жыл қараша айының 5-6 күндері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің спорт алаңында өткізілді. Мақсаты – дене тәрбиесі мен бұқаралық, командалық спортты дамыту, халықты, әсіресе жастарды, жұмыстан немесе оқу барысынан тыс дене тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға шақыру.

![Алматы студенттерінің Альянсы мини-футболдан қалалық турнир ұйымдастырды](https://storage.yvision.kz/images/user/alyans/jgTnF7b5ulFg4ehle2p7065jGLS3rO.jpg)

Жеңімпаздар:3 орын - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет командысы2 орын - Әль ө Фараби атындағы КазҰУ командасы1 орын, Алматы студенттер Альнсы кубогінің иегері - Спорт және туризм Академиясының командысы

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-studentterini-alyansy-mini-futboldan-alaly-turnir-yymdastyrdy-299652](https://yvision.kz/kk/post/almaty-studentterini-alyansy-mini-futboldan-alaly-turnir-yymdastyrdy-299652)