---
title: "Алматы орталығында қойма өртенді"
description: "Әлеуметтік желілерде 4 тамызға қараған түні Мұқанова көшесі бойындағы қоймаларда өрт шыққаны туралы ..."
author: "usergoogle106130794574359253877"
published: "2022-08-05T11:42:58+00:00"
modified: "2022-08-05T11:42:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-ortaly-ynda-oyma-rtendi-972654"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-ortaly-ynda-oyma-rtendi-972654/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматы орталығында қойма өртенді

> Әлеуметтік желілерде 4 тамызға қараған түні Мұқанова көшесі бойындағы қоймаларда өрт шыққаны туралы ...

Әлеуметтік желілерде 4 тамызға қараған түні Мұқанова көшесі бойындағы қоймаларда өрт шыққаны туралы ақпарат пайда болды.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 4 тамызда сағат 21.42-де Алмалы ауданы, Мұқанов пен Гоголь көшелері қиылысында қою түтін шығып жатқаны туралы хабар түскеннен кейін өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына барған.

«Алғашқы бөлімшелер келген соң 21.45-те азық-түлік қоймасында өрт шыққаны анықталды. Өрт 23.05-те оқшауланып, 23.24-те жойылды. ТЖД қызметкерлері жедел әрекет етіп, жақын маңдағы әкімшілік ғимаратқа жалынның таралуына жол бермеді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деді ТЖДөкілдері.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-ortaly-ynda-oyma-rtendi-972654](https://yvision.kz/kk/post/almaty-ortaly-ynda-oyma-rtendi-972654)