---
title: "Алматы облысының индустриялы дамуы"
description: "Алматы облысының индустриялы дамуы қалай өтіп жатыр? Алматы облысының индустриялы дамуы Өнеркәсіп ..."
author: "Nurayim_B"
published: "2014-08-18T10:18:00+00:00"
modified: "2014-09-02T06:18:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysyny-industriyaly-damuy-427841"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysyny-industriyaly-damuy-427841/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматы облысының индустриялы дамуы

> Алматы облысының индустриялы дамуы қалай өтіп жатыр? Алматы облысының индустриялы дамуы Өнеркәсіп ...

Алматы облысының индустриялы дамуы қалай өтіп жатыр?

**Алматы облысының индустриялы дамуы**

**Өнеркәсіп**

2014 жылдың қаңтар-наурыз айылары бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 126,4 млрд.теңгені құрады, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4,6 млрд. теңгеге артты, бұл саладағы нақты көлемінің индексі 101,9%, өсу қарқыны 103,8 %.

**«Өнімділік 2020» бағдарламасы**

2012 жылы бағдарламаны іске асыру бойынша жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша байланысты бағдарламаның операторы «ҚИДИ» АҚ 4 өтінімді мақұлдады.

> Барлық 4 кәсіпорын «кешенді жоспарды әзірлеуге кеткен шығыстарды өтеу» құралы бойынша қолдау алды және Лизинг ҚДБ лизингтік қаржыландыру бойынша құралдың операторымен жұмысты жалғастыруда. Алматы облысының ақапараттық орталығы

**«Экспорт- 2020» бағдарламасы**

Алматы облысы бойынша 40 кәсіпорыннан астам экспорттаушы кәсіпорын болып табылады. Экспорт бойынша шығыстарды өтеу және осы бағдарлама бойынша қолдау шаралары туралы тұрақты түрде экспорттаушы кәсіпорындардың арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

**Инвестициялар**

2014 жылғы қаңтар-наурыз айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 58,6 млрд. теңге, жалпы көлем индексі 91,2%-ды құрады.

> 2014 жылғы қаңтар-наурыз айында кəсіпорындардың меншік нысандары бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар құрылымындағы негізгі үлес салмақ жеке меншік нысанына тиесілі 80,9%-ды, шетел меншік кəсіпорындарына 4,2%-ды, мемлекеттік меншік нысаны кəсіпорындарының үлесі 14,9%-ды құрады. Алматы облысының ақапараттық орталығы

Негізгі капиталға салынған инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі кəсіпорындардың меншікті қаражаттары болды 64,7%-ды, бюджет қаражатының үлесі 21,8%-ды, басқа да қарыз қаражаты 4,6%-ды, банктердің кредиттері 8,9%-ды құрады.

**Өңірлік индустрияландыру Картасы**

> Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, облыс бойынша Республикалық индустрияландыру картасында 33 390 жаңа жұмыс орнының құрылуымен, жалпы сомасы 1,7 трлн. теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба іске асырылуда. Алматы облысының ақапараттық орталығы

Өңірлік индустрияландыру картасы құны 338,4 млрд. теңгеден асатын 52 инвестициялық жобаны қамтиды, жобалардың құрылыс кезеңінде 10 536 жұмыс орны құрылып, пайдалану кезеңінде 7 493 адам жұмысқа тартылады.

**Жер қойнауын пайдалану**

Облыс бойынша 362 жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшарттар тіркелген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 Қаулысымен бекітілген «Жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы» Қағидасына сәйкес конкурс өткізбей ақ тікілей келіссөздер жүргізу арқылы жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарын, жөндеу кезінде пайдалынылатын кең таралған пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалану құқығына 7 рұқсат берілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysyny-industriyaly-damuy-427841](https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysyny-industriyaly-damuy-427841)