---
title: "Алматы облысының Антикоры мен Жетісу университеті арасында ынтымастық туралы меморандумға қол қойды"
description: "2021 жылдың 3 қараша күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша ..."
author: "anticorruptionAO"
published: "2021-11-03T10:34:18+00:00"
modified: "2021-11-03T10:34:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysyny-antikory-men-zhetisu-universiteti-arasynda-yntymasty-turaly-memorandum-a-ol-oydy-953335"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysyny-antikory-men-zhetisu-universiteti-arasynda-yntymasty-turaly-memorandum-a-ol-oydy-953335/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматы облысының Антикоры мен Жетісу университеті арасында ынтымастық туралы меморандумға қол қойды

> 2021 жылдың 3 қараша күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша ...

2021 жылдың 3 қараша күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мен І. Жансүгіров атындағы «Жетісу университеті» КЕ АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы үлгілік жоспарға қол қою іс-шарасы өтті.

Қойылған құжаттың мақсаты екі тарап бірлесіп университет білімгерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру, экономикалық –құқықтық сауаттылығын арттыру болу табылады.

Іс-шара барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Әбсейітұлы Мақажанов өзінің баяндамасын тарқатып айтты. Баяндама барысында облыс аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-шараларды баяндап, жастар арасында жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру маңыздылығын айтып өтті.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы реформалау шеңберінде мемлекеттік ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыратын және корпоративтік адалдық стандарттары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтауға жауапты "комплаенс-офицерлер" жаңа лауазымдары енгізілуде екендігінін және бүгінде облыстың 200-ден астам мемлекеттік ұйымдарында осы лауазымдар енгізілген екендігін хабарлады.

Университет білімгерлері атынан «Sanaly student» студенттік ұйымның жетекшісі, Жастар орталығының үйлестірушісі Мұрат Шұғыла Асхатқызы студенттер атынан сөйледі.

Іс-шараға университет басшылығы, құрылымдық бөлім басшылары, белсенді білімгерлер қатысты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysyny-antikory-men-zhetisu-universiteti-arasynda-yntymasty-turaly-memorandum-a-ol-oydy-953335](https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysyny-antikory-men-zhetisu-universiteti-arasynda-yntymasty-turaly-memorandum-a-ol-oydy-953335)