---
title: "Алматы облысында жер сілкінісі салдарынан 40-тан аса нысанда жарықшақтар пайда болған"
description: "Алматы облысының аумағында жер сілкінісінен соң жарықтар пайда болған нысандарға жергілікті..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-01-24T10:50:28+00:00"
modified: "2024-01-24T10:50:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-zher-silkinisi-saldarynan-40-tan-asa-nysanda-zhary-sha-tar-payda-bol-an-1000247"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-zher-silkinisi-saldarynan-40-tan-asa-nysanda-zhary-sha-tar-payda-bol-an-1000247/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматы облысында жер сілкінісі салдарынан 40-тан аса нысанда жарықшақтар пайда болған

> Алматы облысының аумағында жер сілкінісінен соң жарықтар пайда болған нысандарға жергілікті...

Алматы облысының аумағында жер сілкінісінен соң жарықтар пайда болған нысандарға жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, комиссиялық аралау жүргізілді.

![Алматы облысында жер сілкінісі салдарынан 40-тан аса нысанда жарықшақтар пайда болған](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/c5559b9392a5978851624c79e22737.jpg)

Иллюстрациялық фото: bazabirs.ru-

Алматы облысының әкімдігі хабарлағандай, 24 қаңтарда облыс аумағында тіршілікті қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар нысандарды тексеру нәтижесі бойынша 44 нысанда жарықтар табылды. Атап айтқанда:

Ұйғыр ауданы бойынша - 11 нысан (денсаулық сақтау - 1, білім беру - 8, әлеуметтік нысандар - 2);

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша-14 нысан (білім беру - 7, денсаулық сақтау - 1, әлеуметтік нысандар - 6);

Талғар ауданы бойынша - 3 нысан (білім беру - 3);

Кеген ауданы бойынша - 4 нысан (денсаулық сақтау - 4);

Жамбыл ауданы бойынша – 2 нысан (білім беру - 2);

Райымбек ауданы бойынша - 3 нысан (білім беру - 2, әлеуметтік нысан - 1);

Іле ауданы бойынша – 3 нысан (денсаулық сақтау - 3);

Қарасай ауданы бойынша – 4 нысан (білім беру - 4).

kaz.inform.kz-

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-zher-silkinisi-saldarynan-40-tan-asa-nysanda-zhary-sha-tar-payda-bol-an-1000247](https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-zher-silkinisi-saldarynan-40-tan-asa-nysanda-zhary-sha-tar-payda-bol-an-1000247)