---
title: "Алматы облысында жас көшбасшылар мен белсенділер марапатталды"
description: "2019 жылы Алматы облысында «Жетісу жастарының 100 жарқын істері» мега-жобасы басталады. Бұл туралы о..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2018-11-30T16:57:55+00:00"
modified: "2018-11-30T16:57:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-zhas-k-shbasshylar-men-belsendiler-marapattaldy-820735"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-zhas-k-shbasshylar-men-belsendiler-marapattaldy-820735/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматы облысында жас көшбасшылар мен белсенділер марапатталды

> 2019 жылы Алматы облысында «Жетісу жастарының 100 жарқын істері» мега-жобасы басталады. Бұл туралы о...

2019 жылы Алматы облысында «Жетісу жастарының 100 жарқын істері» мега-жобасы басталады. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов «Қошбасшы-2018» жыл сайынғы сыйлығымен түрлі салалардағы жастар көшбасшыларын салтанатты марапаттау рәсімінде айтты. Жалпы 19 номинация бойынша жас Жетісулықтар марапаттауларға ұсынылды. Қатысу туралы өтініштер облыстың әртүрлі аймақтарынан 168 адамнан қабылданды.

Мерекелік шараның кейіпкерлеріне арнаған сөзінде облыс әкімі келесі жылы Елбасының «Жастар жылы» деп жариялауына орай, білім беру, жастарды жұмысқа орналастыру және бос уақытқа қатысты жастарды қолдаудың жаңа әдістері енгізілетінін атап өтті.

Сонымен қатар, 2018 жылы Жетісу аймағы үшін жастар саясаты саласында жемісті болды. Бірқатар жобаларды сәтті жүзеге асырылды. Олардың қатарында облыстың 10 ауданында 18 Жастар ойын-сауық орталығы мен спорт залдары ашылды. Биылғы жылы алғаш рет студенттік полиция көмекшілері өз жұмысын бастады. Жоба қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полицияға көмектесетін барлық облыстағы ЖОО мен колледждердің 300 студентін қамтыды.

Ерлі-зайыптылардың ажырасуын болдырмау мақсатында әр ауданда және қалада тіркеу кеңселерінде жас отбасыларға арналған Бақыт клубы ашылды. Көптеген жастар саясаты жүзеге асырылуда.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-zhas-k-shbasshylar-men-belsendiler-marapattaldy-820735](https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-zhas-k-shbasshylar-men-belsendiler-marapattaldy-820735)