---
title: "Алматы облысында полицейлер бір топ адамды қар құрсауынан шығарды."
description: "Алматы облысының Алакөл ауданында Үшарал-Достық автожолының 140-шы шақырымында екі машина қар құрсау..."
author: "mvdgovkz"
published: "2013-12-22T21:52:47+00:00"
modified: "2013-12-22T21:52:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-policeyler-bir-top-adamdy-ar-rsauynan-shy-ardy-392671"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-policeyler-bir-top-adamdy-ar-rsauynan-shy-ardy-392671/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматы облысында полицейлер бір топ адамды қар құрсауынан шығарды.

> Алматы облысының Алакөл ауданында Үшарал-Достық автожолының 140-шы шақырымында екі машина қар құрсау...

Алматы облысының Алакөл ауданында Үшарал-Достық автожолының 140-шы шақырымында екі машина қар құрсауына тап болды. Қар құрсауында қалған адамдарды жолдың бойын қарап жүрген «Борт-34» жол-торуыл қызметінің экипажы тауып алды. «Ниссан Премьера» және «БМВ» автомашиналарында сегіз адам болды, олардың арасында екі жастағы қызымен және 4 жасар ұлымен бір әйел болған. Олар шұғыл түрде Үшаралға жеткізіліп, медициналық тексеруден өткізілгеннен кейін туыстарына жіберілді. Зардап шеккендер жоқ.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-policeyler-bir-top-adamdy-ar-rsauynan-shy-ardy-392671](https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-policeyler-bir-top-adamdy-ar-rsauynan-shy-ardy-392671)