---
title: "Алматы облысында қоғамды жаңғырту картасы әзірленді"
description: "Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Халықтар Ассамблеясы қоғамдық сананы жаңғы..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2017-08-13T08:49:14+00:00"
modified: "2017-08-13T08:49:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-o-amdy-zha-yrtu-kartasy-zirlendi-775495"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-o-amdy-zha-yrtu-kartasy-zirlendi-775495/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматы облысында қоғамды жаңғырту картасы әзірленді

> Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Халықтар Ассамблеясы қоғамдық сананы жаңғы...

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Халықтар Ассамблеясы қоғамдық сананы жаңғырту мақсатымен 600-ге тарта іс-шара өткізеді. Бұл жөнінде Талдықорған қаласында өткізілген республикалық семинарда белгілі болды.

![Алматы облысында қоғамды жаңғырту картасы әзірленді](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/lOcsqXmEl4KKHQjh36pffbYyhY6td2.jpg)

Семинарға Қазақстан Халықтар Ассамблеясы (ҚХА) хатшылығының меңгерушісіның орынбасары Дархан Мыңбай, ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдар мен мекемелердің өкілдері, Этно-мәдени бірлестіктер өкілдері, аймақтық КМУ «Қоғамдық келісім» өкілдері қатысты.

«Шара мақсаты – қоғамдық сананы жаңғырту жобасында ҚХА мен «Қоғамдық келісім» КМУ бірлескен ортақ жұмыстар жүргізу жоспарын құру», - деді облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.

ҚХА және басқа барлық этно ұйымдардың жұмысы ұлт көшбасшысының нұсқауымен жұмыс істеуде. Бұл ҚХА 25 сессиясына, қоғамдық сананы жаңғырту іс-шаралар жоспарына, «Қазақстандағы жаңа 100 бейне» медиа-жоспарын жүзеге асыруға қатысты.

Дархан Мыңбай атап өткендей, бүгінге күні Қазақстан Халықтар Ассамблеясы қоғамдық сананы жаңғырту туралы 593 жобаға қатысатын болады.

«Бұл жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жобасының бүкіл халықтық картасына айналады. Ерекше тоқталатын бағдарлама «Қазақстанның 100 жаңа бейнесі». Елбасы айтқандай, ол бағдарлама Ассамблеяға тікелей қатысты. Қоғамға беделді адамдар керек, олар ертеңгі ұрпаққа 21 ғасырдың үлгісі болады. Осыған байланысты, жобаны орындауда әр қадам ескерілген, жоспармен жүргізілуде. Үміткерлерді бағалау үшін арнайы сарапшылар кеңесі құрылған. Жалпы саны 514 өтінім жиналды, мультимедиялық алаңдар құрылды. Таңдалған кандидаттар осы жылдың қазан айына дауыс жинауға қатысу үшін арнайы веб-сайттарда олар жайында ақпарат жарияланатын болады», - деді Дархан мырза.

Діни экстремизмге және терроризмге қарсы күресте Ассамблеясының рөлін ол ерекше атап өтті.

«Дін істері министрлігі мен Кеңестердің азаматтық қоғам 2017-2018 жылдары қоғамдық келісім барлық деңгейлерінде іс-шаралар жоспары әзірлеген. Әлемдегі террористік қауіпті, Қазақстандағы қайғылы оқиғаларды бірқатар ескере отырып, бұл жұмысқа ерекше назар аударылатын болады. Сондықтан, аймақтарда антитеррорлық комиссияларының бөлігі ретінде қоғамдық келісім кеңесінің барлық жұмыстары мұқият талданатын болады. Және осы бағытта барлық іс-шаралар жоғары идеологиялық және ұйымдастырушылық деңгейде өтуі тиіс», - деді Дархан Мыңбай.

Семинар барысында, Қазақстан Халықтар Ассамблеясының «Туған жер», «Қазақстан Қасиетті Географиясы» қатысуына бағытталған әдістемелік-ғылыми және консалтингтік қолдау көрсетілді.

Білім қоры басшысы Вячеслав Ким «Қазақстанның мәдени мұрасы» жобасын ұсынды, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесшісі Нұрбек Шаяхметов «Туған жер»бағдарламасын іске асыруға этномәдени бірлестіктердің әлеуеті туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.

Семинар бағдарламасына, сондай-ақ, «Медиация ойлаудың жаңа әдісін құру құралы ретінде» және «Қазіргі заманғы бизнес модельдеу» тақырыптары да қозғалды.

Рухани жаңғыртуды жүзеге асыру үшін, қазақ халқының құндылықтарын сақтау қажет болып табылады. Рухани жаңғырту ұлттық кодексітің сақталуына кілт болып табылады, және Алматы облысының жастары толығымен Қазақстан Президентінің идеясын қолдады.

Мемлекет басшысы бағдарламасы жарияланғаннан кейін, рухани жаңғырту Алматы облысының жастары жүрегіне үлкен жауап тапты.

«Жетісу өлкесінің жастары, ал бұл Алматы обылысының жастарының үштен бір бөлігі, Ұлт Көшбасшысының бастамасын толығымен қолдайды. Елбасы да ең бірінші жастарға жолдады емес пе. Мен жастар сенімдерімізді ақтауды және үкіметті жаңа деңгейге әкелуге қабілетті деп ойлаймын. Елбасы мақаласы жастарға йқын анықталған бағытты нұсқайды, ал жаңғырудың ең бірінші шарты – өз мәдениетіңді сақтау, ұлттық ерекшелігіңді сақтау», - деді Б.Жаксыгелдинов.

Қоғамдық сананың жаңғырту бағдарламасында Латын қарпіне көшу ерекше орын алады. Бұл аспект қоғамда екіұшты пікір туғызуда.

«Менің ойымша, латын қаріпіне көшуден өорқудың қажеті жоқ. Біздің жастар ағылшын, неміс тілдерін оқығанда латын әріптерімен жұмыс істейді. Әрине, қиындықтар тууы мүмкін, уақыт та керек, бірақ ең бастысы, латын қарпіне көшу арқылы біз әлемдік аренаға шығамыз», - деді жастар ұйымының көшбасшысы.

Нақты жобаларға келетін болсақ, аймақта «100 жас тұлға» жобасын ұсынбақ. Жастар ел болашағы. Қазақстанның болашағы ретінде, жастарымыз өз міндеттерін, жауапкершілігін түсінуі керек. Ұлт сенімін ақтау үшін аянбай еңбек ету керек, елімізді жаңа белестерге шығару үшін заман талабына сай білім алу керек, бәсекеге қабілетті болу керек.

«Елбасы мақаласында «Қазақстанның 100жаңа есімі» жобасы туралы сөз қозғалды, олардың ішінде жетісулықтар да болатынына сенеміз. Жастар атынан өз кезегімізде «100 жас тұлға»жобасн ұсынамыз. Біз жастар атынан өз маманының білгірі атанған, өз талантын орынды пайдаланған, әр түрлі салада жоғарғы дәрежеге жеткен азаматтарды ұсынамыз. Жастар арасында «Көшбасшы» премиясын тағайындап, ол премияға лайықты тұлғаны іздейтін боламыз», - деп жоспарымен бөлісті.

Елбасы бағдарламасын жүзеге асыру үшін ең бірінші қазақ халқын және оның шайқалмас құндылықтарын сақтап қалу керек. Бұл дегеніміз – мемлекеттік тілді жоғарғы дәрежеде білу, қазақ тілі арқылы қазақ ұлтының мәдениетімен, тарихымен, дәстүрімен танысып, сыйлаймыз, ата-бабаға деген сыйластық туындайды.

«Мұндай құндылықтар бізбен мәңгілік болу керек. Сол себепті де, біз жастар арасында көптеген шаралар өткіземіз. Мәселен, «Өнегесі мол» атақты тұлғалармен кездесу жобасы. «Бір шаңырақтың астында» атты әр түрлі ұлт жастары арасында этно-фестиваль, «Жастар жырлайды» атты жас ақындар арасында айтыс өткізу жоспарлануда », - деді Б.Жаксыгелдинов.

Сонымен қатар, Жетісу өлкесін осы жазда халықаралық «Silkway - 2017. Жібек жолы» би фестивалі күтуде. Бұл фестивальда Қазақстан, Корея, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да көптеген елдер бишілері кездесетін болады.

«Біздің елбасымыз мемлекетіміздің даму стратегиясын дәл анықтады, 25 жылдық тәуелсіздігімізде елімізі өз шекарасын нақты анықтап, ішкі саяси тұрақтылықты орнатты. Азаматтық қоғамды дамыту, инфрақұрылымдық дамыту, нарықтық экономиканың өсу бағытында жұмыс істеуде. Бірақ осы жетістіктердің жолында ұлттық құндылықтардың маңызын ұмытып бара жатқандаймыз», - деді жастар көшбасшысы.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-o-amdy-zha-yrtu-kartasy-zirlendi-775495](https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-o-amdy-zha-yrtu-kartasy-zirlendi-775495)