---
title: "Алматы облысында есірткі зертханасы әшкере болды"
description: "Осы жылы 12 сәуірде ҰҚК Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана әрекетін ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстады. Тінту барысында 25 кг-ға жуық синтетикалық есірткі, 1 тонна..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-04-20T06:23:45+00:00"
modified: "2024-04-20T06:23:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-esirtki-zerthanasy-shkere-boldy-1003739"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-esirtki-zerthanasy-shkere-boldy-1003739/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматы облысында есірткі зертханасы әшкере болды

> Осы жылы 12 сәуірде ҰҚК Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана әрекетін ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстады. Тінту барысында 25 кг-ға жуық синтетикалық есірткі, 1 тонна...

*Осы жылы 12 сәуірде ҰҚК Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана әрекетін ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстады.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/8bed9bf363d0f58cf4b80cb161ddb7.jpg)

Тінту барысында 25 кг-ға жуық синтетикалық есірткі, 1 тонна прекурсор, зерхана құрылғылары, сондай-ақ шетелдік валютадағы ірі көлемде ақшалай қаражат алынды.

Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

ҰҚК баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-esirtki-zerthanasy-shkere-boldy-1003739](https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-esirtki-zerthanasy-shkere-boldy-1003739)