---
title: "Алматы облысында азық-түлік балаларды қолдау..."
description: "Алматы облысының Қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (ӘМАТ) жоғары бағамен сатып алу фактілері анықталды. Қазіргі таңда орталықта 120-дан астам кәмелетке толмаған бала тәрбиеленуде...."
author: "jan.123"
published: "2024-05-21T04:25:53+00:00"
modified: "2024-05-21T04:25:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-azy-t-lik-balalardy-oldau-ortaly-yna-te-zho-ary-ba-amen-satylyp-kelgen-1004825"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-azy-t-lik-balalardy-oldau-ortaly-yna-te-zho-ary-ba-amen-satylyp-kelgen-1004825/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматы облысында азық-түлік балаларды қолдау...

> Алматы облысының Қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (ӘМАТ) жоғары бағамен сатып алу фактілері анықталды. Қазіргі таңда орталықта 120-дан астам кәмелетке толмаған бала тәрбиеленуде....

*Алматы облысының Қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (ӘМАТ) жоғары бағамен сатып алу фактілері анықталды. Қазіргі таңда орталықта 120-дан астам кәмелетке толмаған бала тәрбиеленуде.* Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділовтің хабарлауынша, жеткізуші нанды 140 теңгеден сатып алып, оны балалар үйіне 354 теңгеден (153% үстемақымен) жеткізген. Сондай–ақ, ол қарақұмық жармасын – 145% (281 тг/кг алып, 687 тг/кг сатқан), күнбағыс майын - 63% (600 тг/л алып, 977 тг/л сатқан), қантты – 38% (350 тг/кг алып, 480 тг/кг сатқан) үстемеақымен жеткізген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ӘМАТ-қа шекті сауда үстемесінің мөлшері 15%-дан аспауы тиіс. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жеткізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал Орталықпен жасалған ӘМАТ-ты жеткізу шарты 1,3 млн теңгеге төмендету жолымен қайта қаралды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-azy-t-lik-balalardy-oldau-ortaly-yna-te-zho-ary-ba-amen-satylyp-kelgen-1004825](https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-azy-t-lik-balalardy-oldau-ortaly-yna-te-zho-ary-ba-amen-satylyp-kelgen-1004825)