---
title: "Алматы облысында ата-ана мұғалімді мектепте соққыға жыққан"
description: "6-сынып оқушысы анасына өзін мұғалім ұрды деп шағымданып барған. Істің анық-қанығын анықтамаған бала..."
author: "Zhanalyktar"
published: "2018-01-18T04:53:20+00:00"
modified: "2018-01-18T04:53:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-ata-ana-m-alimdi-mektepte-so-y-a-zhy-an-793168"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-ata-ana-m-alimdi-mektepte-so-y-a-zhy-an-793168/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматы облысында ата-ана мұғалімді мектепте соққыға жыққан

> 6-сынып оқушысы анасына өзін мұғалім ұрды деп шағымданып барған. Істің анық-қанығын анықтамаған бала...

6-сынып оқушысы анасына өзін мұғалім ұрды деп шағымданып барған. Істің анық-қанығын анықтамаған баланың анасы мен әпкесі мектепке келіп мұғалімді соққыға жыққан. Тіпті арашаға түспекші болған өзге ұстазға да қол жұмсалған. Қазір ата-анадан жәбір көрген мұғалім Боралдай ауруханасында жатыр. Дәрігер маманның айтуынша, жәбірленуші ми жарақатын алған. Екінші ұзтаз қолын жарақаттап алған.

Ал мектеп директорының айтуынша, соққы астында қалған ұстаздың жағымсыз қылығы жоқ, және балаға қол көтеруі мүмкін емес.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-ata-ana-m-alimdi-mektepte-so-y-a-zhy-an-793168](https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-ata-ana-m-alimdi-mektepte-so-y-a-zhy-an-793168)