---
title: "Алматы облысында АӘК алатын көпбалалы ана сұлулық салонын ашты"
description: "Алматы облысының Қапшағай қаласында көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) алып жән..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2019-10-04T09:20:12+00:00"
modified: "2019-10-04T09:20:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-a-k-alatyn-k-pbalaly-ana-s-luly-salonyn-ashty-841862"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-a-k-alatyn-k-pbalaly-ana-s-luly-salonyn-ashty-841862/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматы облысында АӘК алатын көпбалалы ана сұлулық салонын ашты

> Алматы облысының Қапшағай қаласында көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) алып жән...

Алматы облысының Қапшағай қаласында көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) алып және әлеуметтік келісімшарт шеңберінде жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысып, сұлулық салонын ашты.

Көпбалалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету шаралары туралы біліп, 4 баланың анасы Әсия Алибаева Алматы облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (бұдан әрі - ЖҚҮӘБ) АӘК алу үшін құжаттарын тапсырды.

«21 тамызда Алибаевтар отбасына заңнама шеңберінде жалпы сомасы 1 млн. 346 мың 280 теңгеге ай сайынғы 112 мың 190 теңге көлемінде әлеуметтік көмек тағайындалды. Сондай-ақ, біз оны әлеуметтік келісімшарт шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатыса алатынын және әр түрлі мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстардан өтуді ұсындық, оның ішінде ол шаштараз мамандығын таңдады», – деді облыстық ЖҚӘББ басшысы Зайда Илимжанова.

Сонымен қатар, Әсияның күйеуі екінші деңгейлі банк филиалдарының біріне қауіпсіздік қызметінің қызметкері лауазымына тұрақты жұмысқа орналасты.

«Біздің төрт баламыз бар - екеуі мектеп оқушысы, екеуі мектепке дейінгі жаста. Әлеуметтік көмек алғанға дейін менің күйеуімнің тұрақты табысы болмады. Тапқан табысы біздің отбасымызға мүлдем жеткіліксіз болды. Курстарды аяқтағаннан кейін 505 мың теңге көлемінде грант алдым. Жақында мен бөлме жалдап, «Элит» шаштаразын аштым. Қазір менің салоныма алғаш ашылған күнге қарағанда көптеген клиенттер келуде. Жалдау біршама қымбат, бірақ менің ойымша, бұл қиындықтарды жеңуге болады», - деп бөлісті Әсия Алибаева.

Облыстық ЖҚҮӘББ ақпаратына сәйкес, тек Қапшағай қаласы бойынша бірнеше отбасы осыған ұқсас қиын жағдайдан шықты. Мысалы, АӘК алушы Ботагөз Оңғардың отбасы «Алуа» шаштаразын және Екатерина Маусынбаеваның отбасы кондитер мамандығы бойынша оқып, грант алып, «Азиз» кондитерлік дүкенін ашты.

«Біздің облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмекпен барлығы 46 мың 969 отбасы қамтылған, олардың 4 мың 290-ы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 427-сі қоғамдық жұмыстарға, 29-ы әлеуметтік жұмыс орындарына, 316-сы қысқа мерзімді курстарға, 42 әлеуметтік көмек алушы жастар тәжірибесіне жіберілді. 37 отбасының кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетілді. Бүгінгі таңда 10 мың 605 отбасы кедейлік шегін еңсеріп, қиын өмірлік жағдайдан шықты»,- деп түйіндеді Илимжанова.

Сондай-ақ, облыстық ЖҚҮӘБ басқармасының басшысы жалпы, АӘК табысы төмен отбасыларға өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретінін, ал алушылардың көбі мемлекет есебінен қысқа мерзімді қайта даярлау курстарынан өтіп жатқанын, біз оларға жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға, жеке ісін ашуға көмектесеміз деп атап өтті. АӘК табысы төмен отбасылар үшін өмірлік қиын жағдайдан шығу амалдарының бірі болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 16 қыркүйектегі жағдай бойынша АӘК 2 млн. 87 мың 400 адам (405 мың 600 отбасы), оның ішінде 1 млн. 302 мың 500 бала (олардың үлесі барлық алушылардың 62,4% - ын құрайды) тағайындалды. Алушылар құрамындағы көпбалалы отбасылар шамамен 40% - ды құрайды (161,6 мың отбасы немесе 1 млн 71,6 мың адам).

АӘК алушылардың ең көп саны елдің оңтүстік өңірлерінде, онда барлық алушылардың 67% – дан астамы шоғырланған, оның ішінде Түркістан облысында – 96 мың 800 отбасы, Алматы облысында – 53 мың 600 отбасы, Шымкент қаласында – 51 мың 600 отбасы, Жамбыл облысында – 39 мың отбасы және Қызылорда облысында-31 мың 700 отбасы.

2019 жылы АӘК төлеуге 204 млрд. 500 млн. теңге көзделген, оның ішінде 186 млрд. 100 млн. теңге республикалық бюджеттен және 18 млрд. 400 млн. теңге жергілікті бюджеттен. 144 млрд. 300 млн. теңге төленді.

----------------------------------------------------------------

Многодетная мать из г. Капшагай Алматинской области после получения адресной социальной помощи (далее – АСП) и принятия участия в активных мерах содействия занятости в рамках социального договора, открыла салон красоты.

Мама 4-х детей Асия Алибаева, узнав о мерах социальной поддержки для многодетных семей, подала документы в Управление координации занятости и социальных программ (далее – УКЗСП) Алматинской области для получения АСП.

«21 августа семье Алибаевых в рамках законодательства была назначена ежемесячная соцпомощь в размере 112 тыс. 190 тенге на общую сумму 1 млн 346 тыс. 280 тенге. Также мы осведомили ее о том, что она может принять участие в активных мерах содействия занятости в рамках социального договора и предложили пройти краткосрочные курсы по различным специальностям, из которых она выбрала профессию парикмахера», – ссобщила руководитель областного УКЗСП Зайда Илимжанова.

Кроме того, супруга Асии трудоустроили на постоянное место работы в один из филиалов банка второго уровня на должность сотрудника службы безопасности.

«У нас четверо детей – двое школьников, двое дошкольники. До получения соцпомощи мой муж перебивался случайными зароботками. Этого дохода катастрофически не хватало нашей семье. После окончания курсов я получила грант на сумму 505 тыс. тенге. Совсем недавно взяла в аренду помещение и открыла парикмахерскую «Элита». Сейчас ко мне в салон приходят намного больше клиентов, чем в первые дни после открытия. Немного дороговата аренда, но, я думаю, что это преодолимые трудности», – поделилась Асия Алибаева.

По информации областного УКЗСП, только по г. Капшагай аналогичным образом из трудной жизненной ситуации вышли несколько семей. К примеру, это семья получателя АСП Ботагоз Онгар, которая открыла парикмахерскую «Алуа», и семья Екатерины Маусынбаевой, которая прошла обучение по профессии кондитер и, получив грант, открыла кондитерскую «Азиз».

«Всего по нашей области адресной социальной помощью охвачены 46 тыс. 969 семей, из которых трудоустроены на постоянные рабочие места 4 тыс. 290, направлены на общественные работы 427, на социальные рабочие места 29, на краткасрочные курсы 316, на молодежную практику 42 получателей. Содействовано предпринимательской инициативе 37 семьям. На сегодняшний день 10 тыс. 605 семей преодолели порог бедности и вышли из сложной жизненной ситуации.», – резюмировала Илимжанова.

Также руководитель областного УКЗСП отметила, что в целом АСП дает возможность улучшить жизненные условия малообеспеченным семьям, многие из получателей проходят краткосрочные курсы переподготовки за счет государства, мы помогаем им трудоустроиться на новые рабочие места, открыть собственное дело. АСП является одним из способов выхода из трудной жизненной ситуации для малообеспеченных семей.

Напомним, по состоянию на 16 сентября т.г., АСП назначена 2 млн 87 тыс. 400 человек (405 тыс. 600 семей), в том числе 1 млн 302 тыс. 500 детей (их доля составляет 62,4% от всех получателей). Многодетные семьи в составе получателей составляют порядка 40% (161,6 тыс. семей или 1 млн 71,6 тыс. человек).

Наибольшее количество получателей АСП приходится на южные регионы страны, где сосредоточены более 67% всех получателей, в том числе в Туркестанской области – 96 тыс. 800 семей, Алматинской области – 53 тыс. 600 семей, г. Шымкент – 51 тыс. 600 семей, Жамбылской области – 39 тыс. семей и Кызылординской области – 31 тыс. 700 семей.

На выплату АСП в 2019 году предусмотрено 204 млрд 500 млн тенге, в том числе 186 млрд 100 млн тенге из республиканского бюджета и 18 млрд 400 млн тенге из местного бюджета. Выплачено 144 млрд 300 млн тенге.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-a-k-alatyn-k-pbalaly-ana-s-luly-salonyn-ashty-841862](https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-a-k-alatyn-k-pbalaly-ana-s-luly-salonyn-ashty-841862)