---
title: "Алматы облысында 40-қа жуық адам отырған автобус..."
description: "Алматы облысының Кеген ауданында туристер мінген автобус жол апатына ұшырады. Фото: t.me/qaz365kz Оқыс оқиға бүгін сағат 10 жарымдар шамасында аталған ауданның Еңбекшіқазақ ауданымен шекаралас аумағында болған. Алматы облысы әкімдігі өкілдерінің..."
author: "jan.123"
published: "2024-05-27T09:55:07+00:00"
modified: "2024-05-27T09:55:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-40-a-zhuy-adam-otyr-an-avtobus-audarylyp-aldy-1005020"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-40-a-zhuy-adam-otyr-an-avtobus-audarylyp-aldy-1005020/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматы облысында 40-қа жуық адам отырған автобус...

> Алматы облысының Кеген ауданында туристер мінген автобус жол апатына ұшырады. Фото: t.me/qaz365kz Оқыс оқиға бүгін сағат 10 жарымдар шамасында аталған ауданның Еңбекшіқазақ ауданымен шекаралас аумағында болған. Алматы облысы әкімдігі өкілдерінің...

*Алматы облысының Кеген ауданында туристер мінген автобус жол апатына ұшырады.* ![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/3cf846f702b668adf7e311bf7de366.jpg)

*Фото: t.me/qaz365kz* Оқыс оқиға бүгін сағат 10 жарымдар шамасында аталған ауданның Еңбекшіқазақ ауданымен шекаралас аумағында болған. Алматы облысы әкімдігі өкілдерінің алдын ала мәліметі бойынша, автобус «Қазавтожол» желісіне жататын Аласа асуындағы күрделі бұрылыста жолдан шығып кеткен.

«Оқиға орнына дереу екі жедел жәрдем бригадасы барды. Автобуста 37 адам болған. Кеген аудандық ауруханасына 5 адам, Жалағаш аудандық ауруханасына 4 адам, Шелек ауылына 4 адам жеткізілді», - делінген әкімдік хабарламасында. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатынан қаза тапқандар жоқ. Оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Зардап шеккендер дәрігерлердің бақылауына алынған. Олардың жағдайы тұрақты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-40-a-zhuy-adam-otyr-an-avtobus-audarylyp-aldy-1005020](https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysynda-40-a-zhuy-adam-otyr-an-avtobus-audarylyp-aldy-1005020)