---
title: "Алматы облысы: Комплаенс институтын енгізу жалғасын табуда"
description: "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері Қаз..."
author: "anticorruptionAO"
published: "2022-02-10T10:38:28+00:00"
modified: "2022-02-10T10:38:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysy-komplaens-institutyn-engizu-zhal-asyn-tabuda-961021"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysy-komplaens-institutyn-engizu-zhal-asyn-tabuda-961021/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматы облысы: Комплаенс институтын енгізу жалғасын табуда

> Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері Қаз...

![Алматы облысы: Комплаенс институтын енгізу жалғасын табуда](https://storage.yvision.kz/images/user/457637/12958044def83bdb656a8614f27f7f.jpg)

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы Комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелерді айқындауға тиіс.

Осыған байланысты, сондай-ақ корпоративтік секторға комплаенс-қызметтерді енгізу мәселелерін жылдамдату мақсатында ағымдағы жылдың 08 ақпанында облыстың жергілікті атқарушы органдарының өкілдерімен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары – Жұмабаев Жандос комплаенс институтын енгізуді жобалық басқару бойынша іске асыру қажет екенін атап өтті (ҮББ 4).

Кері байланыс барысында кездесуге қатысушыларға барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysy-komplaens-institutyn-engizu-zhal-asyn-tabuda-961021](https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysy-komplaens-institutyn-engizu-zhal-asyn-tabuda-961021)