---
title: "Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері Қытай Халық Республикасынан халық тұтынатын тауарлардың контрабандалық жеткізілімнің жолын кесті"
description: "Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері Қытай Халық Республикасынан хал..."
author: "KTK_MF_RK"
published: "2013-12-11T06:40:38+00:00"
modified: "2013-12-11T06:40:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysy-boyynsha-kedendik-ba-ylau-departamentini-yzmetkerleri-ytay-haly-respublikasynan-haly-t-389126"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysy-boyynsha-kedendik-ba-ylau-departamentini-yzmetkerleri-ytay-haly-respublikasynan-haly-t-389126/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері Қытай Халық Республикасынан халық тұтынатын тауарлардың контрабандалық жеткізілімнің жолын кесті

> Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері Қытай Халық Республикасынан хал...

Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері Қытай Халық Республикасынан халық тұтынатын тауарлардың контрабандалық жеткізілімнің жолын кесті.«Бекет» жедел-профилактикалық шарасы шеңберінде кеденшілер тексеріп қарау кезінде кедендік тазарту үшін мәлімделген тауарлардың сәйкес келмеу фактін анықтады. Заңсыз жолмен пайда табу мақсатында уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі бар фирма кедендік ресімдеуге жалпы сомасы 21 мың 461 АҚШ доллар 9 тауардың (иықты киім ілгіш (киім ілгіш), амортизаторлар, жіптер, шұлық және басқа да салық аз түсетін тауарлар) атауы мәлімделген. Кейін, кеден органдарының қызметкерлері тексеріп қарауды жүргізу кезінде 28 атаудан тұратын сомасы алғашқы мәлімделгеннен көп мәрте асатын басқа балаларға, әйелдерге және ерлерге арналған тауарлар табылды. Сарапшылардың қорытындыларына сәйкес декларацияланбаған тауарлардың кедендік құны 25 млн. 60,5 мың теңгені, ал төленуге жататын кедендік төлемдер мен алымдардың сомасы 17 млн. 63,7 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 209-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шартты атауы «Бекет» жедел-профилактикалық шараны кеден органдары ағымдағы жылдың 4 қарашасынан бастап жүргізуде. Бұл қазақстан-қытай бағытында кедендік бақылау мен контрабандаға қарсы әрекетті күшейтуге бағытталған.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysy-boyynsha-kedendik-ba-ylau-departamentini-yzmetkerleri-ytay-haly-respublikasynan-haly-t-389126](https://yvision.kz/kk/post/almaty-oblysy-boyynsha-kedendik-ba-ylau-departamentini-yzmetkerleri-ytay-haly-respublikasynan-haly-t-389126)