---
title: "Алматы маңындағы ауыл қалаға айналатын болды"
description: "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-01-09T11:35:44+00:00"
modified: "2024-01-09T11:36:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-ma-ynda-y-auyl-ala-a-aynalatyn-boldy-999704"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-ma-ynda-y-auyl-ala-a-aynalatyn-boldy-999704/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматы маңындағы ауыл қалаға айналатын болды

> Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы жарлыққа қол қойды.

![Алматы маңындағы ауыл қалаға айналатын болды](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/b784e56e5a20b38205af8f88f39cb5.jpg)

Онда Іле ауданындағы Жетіген ауылын Алатау қаласы етіп жасақтау көзделген.

"Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін:

Алматы облысының Іле ауданы одан Жетіген ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын және оның атауы Алатау қаласы болып өзгертілсін.

Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген президент жарлығында.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-ma-ynda-y-auyl-ala-a-aynalatyn-boldy-999704](https://yvision.kz/kk/post/almaty-ma-ynda-y-auyl-ala-a-aynalatyn-boldy-999704)