---
title: "Алматы әкімі веложарыс жолында"
description: "Алматыда таңғы сағат 08:30-да Жеңіс күніне орай бұқаралық велосипед жарысы басталды. Жарысқа қанш..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-05-08T01:12:21+00:00"
modified: "2014-05-08T01:12:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-kimi-velozharys-zholynda-412604"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-kimi-velozharys-zholynda-412604/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматы әкімі веложарыс жолында

> Алматыда таңғы сағат 08:30-да Жеңіс күніне орай бұқаралық велосипед жарысы басталды. Жарысқа қанш...

[!\[Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/05/20140508120349-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/05/20140508120349.jpg)

Алматыда таңғы сағат 08:30-да Жеңіс күніне орай бұқаралық велосипед жарысы басталды. Жарысқа қанша адамның қатысып жатқаны әзірге белгісіз. Бірақ алдын ала деректер бойынша сөре сызығына жиналған велосипедшілердің ұзын-ырғасы 500 метрге жеткен.

«Бүгін біздің кезекті веложарысымыз өтіп жатыр. Ол Жеңіс күніне арналған. Бұл жарысқа негізінен қаладағы үш жоғары оқу орындарының, нақтырақ айтар болсақ: Қазақ ұлттық техникалық университеті, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті және Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның студенттері қатысуда. Сонымен қатар бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов те бүгін жарыс жолына шыққан», — деді өз сөзінде «Универсиада-2017» Мемлекеттік қорының маркетинг бойынша бас маманы Дидар Сағадиев. Велосипедшілер жарысы әл-Фараби даңғылы мен Тәттімбет көшесінің қиылысында басталды. Мәре сызығы — ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақ. Жеңімпаздарға әр түрлі жүлделер мен сыйлықтар табыс етіледі. Жарыстың өтуіне байланысты әл-Фараби даңғылы мен Тәттімбет көшесінің қиылысынан бастап ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябаққа (әл-Фараби даңғылы мен Ғ. Мұстафин көшесінің қиылысы) дейін автокөлік қозғалысы жартылай шектелді. Ұйымдастырушылар автокөлік жүргізушілерін өз бағыттарын алдын ала дұрыстап алуларын сұрауда.

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Автор: [Жаппарберген Айбота](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/989)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-kimi-velozharys-zholynda-412604](https://yvision.kz/kk/post/almaty-kimi-velozharys-zholynda-412604)