---
title: "Алматы хайуанаттар бағында күтімнің нашарлығына байланысты қар барыстары көз жұмды"
description: "Мекеме директоры Қанат Каримов Алматы хайуанаттар бағында нашар күтімге байланысты қар барыстары қай..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2016-03-03T07:09:26+00:00"
modified: "2016-03-03T07:14:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-hayuanattar-ba-ynda-k-timni-nasharly-yna-baylanysty-ar-barystary-k-z-zh-mdy-681751"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-hayuanattar-ba-ynda-k-timni-nasharly-yna-baylanysty-ar-barystary-k-z-zh-mdy-681751/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматы хайуанаттар бағында күтімнің нашарлығына байланысты қар барыстары көз жұмды

> Мекеме директоры Қанат Каримов Алматы хайуанаттар бағында нашар күтімге байланысты қар барыстары қай...

Мекеме директоры Қанат Каримов Алматы хайуанаттар бағында нашар күтімге байланысты қар барыстары қайтыс болды деп атап өтті.

![Алматы хайуанаттар бағында күтімнің нашарлығына байланысты қар барыстары көз жұмды](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/VZjUrGjv8J5IJ8u46ix9A8sQPHrz2P.jpg)

Әлеуметтік желілерде Алматы хайуанаттар паркінде жұмбақ жағдайда барыстары жоғалып кеткендігі туралы ақпарат таратылған. Каримов жануарлар өмір сүру ортасының нашарлығынан көз жұмды деп, ол қауесетті жоққа шығарды. Өлім себебі - күтім нашарлығы.

![Алматы хайуанаттар бағында күтімнің нашарлығына байланысты қар барыстары көз жұмды](http://tengrinews.kz/userdata/images/u189/resized/5b41d4ea62a10278ae52304c0f6491f3.jpg)

Қанат Каримовтің айтуынша, Алматы хайуанаттар бағында 2012 жылы қызыл кітапқа енгізілген қар барысы Польша, Жапония, Франция, Қырғызстандағы хайуанаттар бақтарынан алмасу немесе сыйға берілу нәтижесінде пайда болған.

Қоршау өзеннің маңында орналасқандықтан, дымқыл және ылғал орта барыстардың ауыруына әкеліп соққан. Нәтижесінде барыстар екі жақты пневмонияға шалдыққан.

![Алматы хайуанаттар бағында күтімнің нашарлығына байланысты қар барыстары көз жұмды](http://tengrinews.kz/userdata/images/u189/resized/8b5860206e70c03184b835a8ad57cef4.jpg)

Хайуанаттар бағында бірнеше жылдың ішінде 6 барыс өлген. Директордың айтуынша, қазір белгілі сәулетші Питер Разбах хайуанаттар бағын қайта құру үшін мастер-жоспарын пысықтауда. Сәуір айында оны таныстыратын болады. Барлық қоршаулар, барыс корпусын қоса алғанда, олардың табиғи ортасына жақын орналасатын болады.

Сондай-ақ, Қанат Каримов хайуанаттар бағында жаңа қоршаулар дайындалатынын атап өтті, олар қыркүйекте пайда болуы мүмкін.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-hayuanattar-ba-ynda-k-timni-nasharly-yna-baylanysty-ar-barystary-k-z-zh-mdy-681751](https://yvision.kz/kk/post/almaty-hayuanattar-ba-ynda-k-timni-nasharly-yna-baylanysty-ar-barystary-k-z-zh-mdy-681751)