---
title: "Алматы балабақшасындағы оқиға төңірегіндегі мәселе..."
description: "Алматыдағы бір балабақшада бүлдіршін басқа балалардан таяқ жеп, ауруханаға түсіп қалған еді. Енді оның ата-анасының полицияға шағымданғаны мәлім болды. Алматыдағы балабақшалардың бірінде бүлдіршінді ұрып-соққан балалардың ата-анасы мен мекеме..."
author: "jan.123"
published: "2024-02-23T08:49:42+00:00"
modified: "2024-02-23T08:50:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-balaba-shasynda-y-o-i-a-t-iregindegi-m-sele-zhal-asyn-tauyp-zhatyr-1001496"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-balaba-shasynda-y-o-i-a-t-iregindegi-m-sele-zhal-asyn-tauyp-zhatyr-1001496/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматы балабақшасындағы оқиға төңірегіндегі мәселе...

> Алматыдағы бір балабақшада бүлдіршін басқа балалардан таяқ жеп, ауруханаға түсіп қалған еді. Енді оның ата-анасының полицияға шағымданғаны мәлім болды. Алматыдағы балабақшалардың бірінде бүлдіршінді ұрып-соққан балалардың ата-анасы мен мекеме...

Алматыдағы бір балабақшада бүлдіршін басқа балалардан таяқ жеп, ауруханаға түсіп қалған еді. Енді оның ата-анасының полицияға шағымданғаны мәлім болды.

Алматыдағы балабақшалардың бірінде бүлдіршінді ұрып-соққан балалардың ата-анасы мен мекеме қызметкерлері жауапқа тартылуы мүмкін.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аяусыз соққыға жығылған баланың ата-анасынан полицияға арыз түсті.

«3 жастағы баланың ата-анасының арызы бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізді. Балабақша қызметкерлерін, сондай-ақ балалардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Kaz.inform.kz осылай деп хабарлап отыр.

Ал біз бұл туралы [осылай](https://yvision.kz/post/alamtordan-k-rgenin-isteytin-shy-ar-b-gingini-balalary-da-atygez-bolyp-barady-1001483) жаздық.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-balaba-shasynda-y-o-i-a-t-iregindegi-m-sele-zhal-asyn-tauyp-zhatyr-1001496](https://yvision.kz/kk/post/almaty-balaba-shasynda-y-o-i-a-t-iregindegi-m-sele-zhal-asyn-tauyp-zhatyr-1001496)