---
title: "Алматы қаласының жалпы білім беретін мекемелері Ұлт жоспарының «100 нақты қадамын» жүзеге асуын қолдайды"
description: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2015-12-11T00:02:01+00:00"
modified: "2015-12-11T00:02:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasyny-zhalpy-bilim-beretin-mekemeleri-lt-zhosparyny-100-na-ty-adamyn-zh-zege-asuyn-oldaydy-667221"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasyny-zhalpy-bilim-beretin-mekemeleri-lt-zhosparyny-100-na-ty-adamyn-zh-zege-asuyn-oldaydy-667221/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматы қаласының жалпы білім беретін мекемелері Ұлт жоспарының «100 нақты қадамын» жүзеге асуын қолдайды

> Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлерінің, жалпы білім беретін мектеп, гимназия, лицей директорларының, сондай-ақ Алматы қаласының техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерінің қатысуымен Алматы қаласының білім басқармасының тамыз кеңесінің отырысы өткізілді.

Департаменттің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Геннадий Даньяров кеңес отырысының қатысушыларына 100 нақты қадамның орындалу тәсілдерін және реформалардың жүзеге асыру әдістерін түсіндірді.

Кездесу барысында Геннадий Данияров жастар арасында мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға белсенді қатысқаны үшін кейбір колледж директорларын *(Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі, №1 Алматы қазақ педагогикалық колледжі, Алматы сән және дизайн колледжі, Алматы сән және дизайн колледжі, Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі, туризм және қонақжайлық индустриясы колледжі, Алматы политехникалық колледжі)* алғыс хаттарымен марапаттады.

Өз кезегінде білім беру орындарының басшылары бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшін 100 нақты қадамда көрсетілген стратегиялық міндеттерді бірлесіп іске асыру үшін барлық күш жігері мен білімдерін салуға сөздерін берді.

![Алматы қаласының жалпы білім беретін мекемелері Ұлт жоспарының «100 нақты қадамын» жүзеге асуын қолдайды](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/16wMoLuS996R1aa301GaN0Lm470wqZ.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasyny-zhalpy-bilim-beretin-mekemeleri-lt-zhosparyny-100-na-ty-adamyn-zh-zege-asuyn-oldaydy-667221](https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasyny-zhalpy-bilim-beretin-mekemeleri-lt-zhosparyny-100-na-ty-adamyn-zh-zege-asuyn-oldaydy-667221)