---
title: "Алматы қаласының Әуезов аудандық Тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасында семинар — кеңес өтті"
description: "ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бо..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2015-12-10T23:38:39+00:00"
modified: "2015-12-10T23:38:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasyny-uezov-audandy-t-tynushylar-y-taryn-or-au-bas-armasynda-seminar-ke-es-tti-667197"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasyny-uezov-audandy-t-tynushylar-y-taryn-or-au-bas-armasynda-seminar-ke-es-tti-667197/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматы қаласының Әуезов аудандық Тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасында семинар — кеңес өтті

> ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бо...

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалды реформасы «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары мен ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жуйеге асырыу мақсатында Алматы қаласының Әуезов аудандық сот өкілімен бірлесе, Алматы қаласының Әуезов аудандық Тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасында (бұдан әрі - Басқарма) семинар - кеңес өткізді.

Басқарма басшысы Игорь Тен, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары - 100 нақты берілген тапсырмасы, мемлекет пен қоғамның барлық реформалау тараптарын жан жақты қамтылатындығын, экономика мен қоғамның кезең-кезеңмен жаңғырту негіздерін қалауға 100 тегжейлі және практикалық шешім боп табылатындығын айта келе, Қазақстан үшін бес институционалдық реформалардың қажеттігі, еліміздің бәсекелі ортада жаңғыртуға жағдай жасайтындығын айтып өтті.

Департаментінің қызметкері Асхат Байұзақов кеңеске қатысушылар ортасы мемлекеттік қызметшілер екенін ескере отырып, 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруы және мемлекеттік аппараттың тетігін, кәсібилігін арттыруға бағытталған 15 қадамдардың мәнін ашып , кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру үшін бағыталған бірінші реформаның әр қадамына жеке жеке тоқталды.

Әуезов аудандық сотының судьясы Гүлжан Имансерікова , азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін , сот жүйесі инстанциаларын оңтайландыру бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот төрелігі жүйесіне көшу туралы болатын өзгерістерге тоқталды.

![Алматы қаласының Әуезов аудандық Тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасында семинар — кеңес өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/R2Xmu7lZ7YLU1GswTDNzP37yAOj987.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasyny-uezov-audandy-t-tynushylar-y-taryn-or-au-bas-armasynda-seminar-ke-es-tti-667197](https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasyny-uezov-audandy-t-tynushylar-y-taryn-or-au-bas-armasynda-seminar-ke-es-tti-667197)