---
title: "Алматы қаласының әскери-техникалық мектебінің тәрбиеленушілері әскери ант қабылдады"
description: "Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында ҚР ҚМ әскери-техникалық мектебінің 200-ге тарта тәрбиеленушіс..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2016-09-19T03:20:00+00:00"
modified: "2016-09-30T04:26:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasyny-skeri-tehnikaly-mektebini-t-rbielenushileri-skeri-ant-abyldady-713555"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasyny-skeri-tehnikaly-mektebini-t-rbielenushileri-skeri-ant-abyldady-713555/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматы қаласының әскери-техникалық мектебінің тәрбиеленушілері әскери ант қабылдады

> Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында ҚР ҚМ әскери-техникалық мектебінің 200-ге тарта тәрбиеленушіс...

Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында ҚР ҚМ әскери-техникалық мектебінің 200-ге тарта тәрбиеленушісі әскери ант қабылдады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

![Алматы қаласының әскери-техникалық мектебінің тәрбиеленушілері әскери ант қабылдады](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/9bO6uS3pQCi64j15B5UigVt3kbVc5L.jpg)

«22 мен 27 жастағы курсанттарды атқыш, гранатаатқыш, оқшашаршы мамандықтарын меңгеруге оқытып-үйретті. Жас жауынгер курсы әскердегі мерзімді қызметті алмастырады. Оны аяқтағаннан кейін бітірушілер әскери билетке қол жеткізеді», - делінген хабарламада.

«Біз тактикалық, дене және атыс даярлығынан өттік. Автоматты жинап, шашып, оқ атуды үйрендік», - деді тәрбиеленуші Нұрбол Мұхтарұлы.

Аталмыш іс-шараны өткізу бағдарламасында 200-ге жуық курсанттың дефилесі, АК-74 автоматын жинап-шашу, «Әскер» әскери-патриоттық клубы тәрбиеленушілерінің өнер көрсетуімен қоян-қолтық ұрыс өткізілді.

Әскери-техникалық мектептегі оқу 40 күнге созылады. Оның қорытындысы бойынша тәрбиеленушілер сертификат және әскери билет алады. Алматыда әскери-техникалық мектептерге үміткерлерді іріктеу жылына 7-8 рет өткізіледі. ӘТМ-ге оқуға түсу үшін кандидаттарды іріктеуді Алматы қ. жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады. Алматы қ. әскери-техникалық мектеп тәрбиеленушілердің ең көп санын түлетіп шығарады. Қазақстанда мектептің 15 филиалы бар.

Ақпарат көзі: [strategy2050.kz](https://strategy2050.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasyny-skeri-tehnikaly-mektebini-t-rbielenushileri-skeri-ant-abyldady-713555](https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasyny-skeri-tehnikaly-mektebini-t-rbielenushileri-skeri-ant-abyldady-713555)