---
title: "Алматы қаласында Қоғамдық омбудсмен қабылдауы басталуының презентациясы өтті"
description: "Бұл бастаманы Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталығының бастамасымен ҚР Мемлекеттік қы..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2017-06-14T07:35:33+00:00"
modified: "2017-06-14T07:35:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasynda-o-amdy-ombudsmen-abyldauy-bastaluyny-prezentaciyasy-tti-769978"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasynda-o-amdy-ombudsmen-abyldauy-bastaluyny-prezentaciyasy-tti-769978/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматы қаласында Қоғамдық омбудсмен қабылдауы басталуының презентациясы өтті

> Бұл бастаманы Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталығының бастамасымен ҚР Мемлекеттік қы...

**

![Алматы қаласында Қоғамдық омбудсмен қабылдауы басталуының презентациясы өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/A6lboQ7EN2xM8Y5WI92hBM591Y3cji.jpg)

![Алматы қаласында Қоғамдық омбудсмен қабылдауы басталуының презентациясы өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/Nkg36a7FF5k28m4zVt0x8Hv0C9DqhH.jpg)

![Алматы қаласында Қоғамдық омбудсмен қабылдауы басталуының презентациясы өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/zppNQz4BpXIq5OS1lJnglbG3zk1dKj.jpg)

**

 

Бұл бастаманы Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталығының бастамасымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің қолдауымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің қатысуымен Алматы қаласында жүзеге асырылатын болады.

«Жолдардағы сыбайлас жемқорлық көріністерін қысқарту бойынша 10 қадам» жоспарын жүзеге асыру жөніндегі өңірлік қадамдық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасының Тіркеу-емтихан бөлімінде қызмет алушыларға консультациялық қолдау көрсетуге арналған Қоғамдық қабылдау бөлімі ашылды. Іс-шара барысында азаматтарға арнайы ХҚКО-да қызмет алу кезіндегі құқықтары түсіндіріліп, сондай-ақ, бір азаматтың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Қоғамдық қабылдау құрамына – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы Айгүл Байханова, Департамент басшысының орынбасары Геннадий Данияров, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы басшысының м.а. Бақытбек Әлішов, Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталығының Төрағасы Төлеген Байғұлов, Алматы қаласы Ішкі істер Департаменті Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Жандулла Шайхиев, Алматы қаласы «ХҚКО» Департаментінің директоры Данияр Ахметов, Алматы қаласы ІІБ ӘПБ тіркеу-емтихан және әкімшілік-практикалық бөлімінің басшысы Нұрлан Аманбек, Алматы қаласы ІІД өзіндік қауіпсіздік қызметінің өкілі Саламат Көкрекбаев, Алматы қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро өкілі Нұрбол Мекешов және аталған мекемелердің басқада өкілдері қатысты.

Қоғамдық қабылдаудың жұмысы ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasynda-o-amdy-ombudsmen-abyldauy-bastaluyny-prezentaciyasy-tti-769978](https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasynda-o-amdy-ombudsmen-abyldauy-bastaluyny-prezentaciyasy-tti-769978)