---
title: "Алматы қаласында Ішкі істер министрлігі Кинологиялық орталағының базасында өткен ішкі істер органдарының кинолог-мамандары және қызметтік иттерінің республикалық жарысы тәмамдалды."
description: "Іс-шараға жарыстың өңірлік кезеңдерінен үлгерімді өткен кинологиялық қызметтің 16 үздік қызметкері қ..."
author: "mvdgovkz"
published: "2014-08-18T02:25:11+00:00"
modified: "2014-08-18T02:25:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasynda-ishki-ister-ministrligi-kinologiyaly-ortala-yny-bazasynda-tken-ishki-ister-organdary-425667"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasynda-ishki-ister-ministrligi-kinologiyaly-ortala-yny-bazasynda-tken-ishki-ister-organdary-425667/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматы қаласында Ішкі істер министрлігі Кинологиялық орталағының базасында өткен ішкі істер органдарының кинолог-мамандары және қызметтік иттерінің республикалық жарысы тәмамдалды.

> Іс-шараға жарыстың өңірлік кезеңдерінен үлгерімді өткен кинологиялық қызметтің 16 үздік қызметкері қ...

Іс-шараға жарыстың өңірлік кезеңдерінен үлгерімді өткен кинологиялық қызметтің 16 үздік қызметкері қатысты.

Үш күндік жарыстың барысында кинолог-мамандардың жоғары кәсібилігі және ғимараттарда, жүктерде, көліктерде және жасырын жерлерде есірткі құралдарын іздеу бойынша қызметтік иттердің жақсы дайындалғандығы бойынша жоғары деңгей көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша таза жеңісті Алматы облысының ІІД инспектор-кинологы полиция лейтененты Болысбаев Серік Бақытұлы жеңіп алды.

С.Б. Болысбаев 2008 жылы ІІМ Кинологиялық орталығында жарылғыш заттарды іздеу бойынша дайындықтан өткен. Оның жеке қатысуымен жедел іздестіру іс-шараларында «Фокс»қызметтік іздестіру итін қолдану арқылы ҚР ҚК-нің 175-бабы бойынша 25-ке тарта қылмыс, ҚР ҚК-нің 259-бабы бойынша 40-тан астам қылмыс ашылды.

2014 жылы Болысбаев және оның «Фокс» атты иті есірткі құралдарын іздеу бойынша дайындықтан өтті. Олар бірлесіп 8 кг 600 гр. әр түрлі есірткі құралдары мен психотроптық заттарды алды.

Екінші орынды Көліктегі ІІД Ақтөбе бекетіндегі ЖІІБ-нің кіші инспектор-кинологы полиция старшинасы Жұманбетов Елдос Серікбайұлы және «Жан» лақап атты қызметтік-іздестіру иті иеленді. Оның қатысуымен 5 есірткі қылмысы және 17 есірткі құқық бұзушылығы ашылды, нәтижесінде 2 кг 239 гр. жуық әр түрлі есірткі алынды.

Үшінші орын Жамбыл облысының ІІД кіші инспектор-кинологы полиция аға сержанты Өмірзақов Әділхан Нұрмұханбетұлына және «Бой» лақап атты қызметтік-іздестіру итіне берілді. А.Н. Өмірзақов есірткі құралдарын іздеу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларына бірнеше рет қатысқан. Оның қатысуымен 15 есірткі қылмысы және 18 есірткі құқық бұзушылығы анықталды.

Бүгін тәмамдалған жарыс Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті Кинологиялық қызметі бөлінісінің тәжірибелі кинологы кинологиялық бөлініс қызметінің барлық кезеңінен өткен Швайц Николай Эриховичтің басшылығымен ұйымдастырылды.

Жарыс қазақстан полициясының тарихында бірінші болып отыр және бұдан әрі жыл сайын өткізілетін болады. Бұнда кинолгтар тек қана өздерінің шеберлігін, иттерінің дағдыларын көрсетіп қана қоймайды және де қосымша кәсіби тәжірибе алады.

Жарыс 2002 жылы құрылған ІІМ Кинологиялық орталығының қызметкерлері күшімен өткізілді. Кинологиялық қызметтің бастапқы қалыптасу кезеңінде қызметкерлер мен олардың иттері үш бағыт бойынша: есірткі, жарылғыш заттарды іздеу және із кесу жұмысы бойынша дайындалды. Қазір кинологиялық қызметтің міндеттері кеңейді, енді иттер одорологиялық таңдау бойынша (ит «иіс детектор» ретінде анықтайды) үйретеді. Болашақта қызметтік иттерді лаңкестікке қарсы күресте қолдану тәсілін енгізу жоспарланып отыр.

Орталық қызмет атқаруы барысында 580-нен астам қызметтік иттерімен кинолог-мамандарды дайындады. Кинолог-полицейлердің жоғары кәсіби дайындық деңгейі тек қазақстандық мамандармен ғана емес көршілес елдердің құқық қорғау органдарымен де бағаланды. Орталықта көршілес Қырғызстанның кинологтары да дайындықтан өтті.

Қәзір елімізде 630 қызметтік-іздестіру иттер қызметін атақарады. Ағымдағы жылдың 7айы ішінде олардың көмегімен полицейлер 2800 қылмыс, оның ішінде 1286 ұрлық, 247 тонау, 54 кісі өлімі, 500-ге тарта есірткі қылмысын анықтады. Заңсыз айналымнан 7 тонна 188 кг әр түрлі есірткі құралы алынды.

ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті баспасөз-қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasynda-ishki-ister-ministrligi-kinologiyaly-ortala-yny-bazasynda-tken-ishki-ister-organdary-425667](https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasynda-ishki-ister-ministrligi-kinologiyaly-ortala-yny-bazasynda-tken-ishki-ister-organdary-425667)