---
title: "Алматы қаласы мемлекеттік сыңайлы сектордың қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды және оған қарсы тұруды қолдайды"
description: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігін..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2015-12-13T03:36:55+00:00"
modified: "2015-12-13T03:36:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasy-memlekettik-sy-ayly-sektordy-yzmetkerleri-sybaylas-zhem-orly-ty-aldyn-aludy-zh-ne-o-an--667793"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasy-memlekettik-sy-ayly-sektordy-yzmetkerleri-sybaylas-zhem-orly-ty-aldyn-aludy-zh-ne-o-an--667793/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматы қаласы мемлекеттік сыңайлы сектордың қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды және оған қарсы тұруды қолдайды

> Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігін...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын талқылау және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын, сондай-ақ кәсіби дербес мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру бойынша «Ипотекалық ұйым «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ-да дөңгелек үстел өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин 2016 жылдың қаңтарынан бастап, алдағы реформалар туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызметке орналасу кезіндегі заңдағы өзгерістер туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде хабарлады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған Алматы қаласының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру тетіктерін түсіндірді.

«Ипотекалық ұйым «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ-ы төрағасының орынбасары Сержан Жұмабеков бұл алдын алу жұмыстары өз жемісін беріп жатқандығын, өйткені қоғам өз құқықтары мен ҚР-ның нормативтік құқықтық актілерін біле отырып, елдегі сыбайлас жемқорлықты барынша азаюына және біздің Қазақстанның гүлденуіне әкелетіндігін атап өтті. Ол сондай-ақ қызметкерлер арасында құқықтық мәдениетті жетілдіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы іс-қимыл жөнінде ұйымдастыру жұмыстары туралы хабардар етті.

Қазақстанның аймақтары бойынша «Ипотекалық ұйым «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ-ның филиалдарын қамти отырып, іс-шара қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар алынған бейнеконференция түрінде өтті. Іс-шара барысында әлеуметтік сауалнамалар жүргізіліп, жадынамалар таратылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтер көрсетілді.

![Алматы қаласы мемлекеттік сыңайлы сектордың қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды және оған қарсы тұруды қолдайды](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/QiZ1Q8Py1AFiTj3pZ9DUKitcr99wvb.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasy-memlekettik-sy-ayly-sektordy-yzmetkerleri-sybaylas-zhem-orly-ty-aldyn-aludy-zh-ne-o-an--667793](https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasy-memlekettik-sy-ayly-sektordy-yzmetkerleri-sybaylas-zhem-orly-ty-aldyn-aludy-zh-ne-o-an--667793)