---
title: "Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы Президенттің реформаларын қолдайды"
description: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департамент..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2016-04-25T22:36:17+00:00"
modified: "2016-04-25T22:36:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasy-memlekettik-s-ulet-rylys-ba-ylauy-bas-armasy-prezidentti-reformalaryn-oldaydy-690706"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasy-memlekettik-s-ulet-rylys-ba-ylauy-bas-armasy-prezidentti-reformalaryn-oldaydy-690706/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы Президенттің реформаларын қолдайды

> Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департамент...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (әрі қарай - Департамент) 2016 жылдың 8 сәуірінде Медеу аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалымен бірлесе отырып, Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында «Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев жариялаған бес институционалдық реформа» «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары мен 2015-2025 жылдары Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асырудың барысын талқылау тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақытбек Әлішов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бірінші институтционалды реформасы аясында «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспары мен 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясын жүзеге асыру мақсатындағы мәселелерге тоқталды.

Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Қайыржан Жақсымбетов басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстар туралы жан-жақты түсіндірді.

Медеу аудандық «Нұр Отан» партиясы жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Борис Жақыпов Алматының ескі және жаңа ғимараттарының артықшылықтары мен кемшіліктеріне баға бере отырып, Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының жұмыстары мен «Нұр Отан» партиясының қоғаммен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталды.

Семинар-кеңес сұрақ-жауап форматында өтті. Барлық сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар берілді.

![Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы Президенттің реформаларын қолдайды](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/5LNmcVRKHWdn9Ta030TuLX0s1V7aID.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasy-memlekettik-s-ulet-rylys-ba-ylauy-bas-armasy-prezidentti-reformalaryn-oldaydy-690706](https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasy-memlekettik-s-ulet-rylys-ba-ylauy-bas-armasy-prezidentti-reformalaryn-oldaydy-690706)