---
title: "Алматы қаласы мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиялары төрағаларының қатысуымен өткізілген кеңейтілген жиын бойынша ақпарат"
description: "2016 жылдың 19 сәуірі күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Министрлігінің..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2016-04-25T22:45:36+00:00"
modified: "2016-04-25T22:45:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasy-memlekettik-organdaryny-t-rtiptik-komissiyalary-t-ra-alaryny-atysuymen-tkizilgen-ke-eyt-690713"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasy-memlekettik-organdaryny-t-rtiptik-komissiyalary-t-ra-alaryny-atysuymen-tkizilgen-ke-eyt-690713/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматы қаласы мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиялары төрағаларының қатысуымен өткізілген кеңейтілген жиын бойынша ақпарат

> 2016 жылдың 19 сәуірі күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Министрлігінің...

2016 жылдың 19 сәуірі күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаментімен Алматы қаласы мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясы төрағаларының қатысуымен 2016 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша тәртіптік комиссия қызметінің мәселелері жөнінде кеңейтілген жиын өткізілді.

Жиында Алматы қаласы мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссияларымен жүргізілген жұмыстың қорытындысы, сонымен қатар тәртіптік кеңес төрағаларының 2016 жылдың 1 тоқсанында жүргізілген жұмыс қоырытындасы тыңдалды.

Жиында қатысушылардың көңілі атқарылған жұмыс нәтижелеріне, бұзушылықтар болған жәйттарға, бұзушылықтарды жою үшін тиісті шара қолдану қажеттілігіне және профилактикалық іс – шаралар өткізуге аударылды.

Оған қоса, жиында қатысушыларға мемлекеттік органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібі түсіндірілді. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу негіздері мен процедураларға көңіл аударылды.

Жиынның қорытындысы бойынша, барлық мемлекеттік органдарға көрсетілген бұзушылықтарға көңіл аударуға, оларды мемлекеттік органдардың басшыларымен және тәртіптік комиссия мүшелерімен талқылауға, және тәртіптік комиссия жұмысында орын алған кемшіліктерді жою туралы ұсыным жасалынды.

![Алматы қаласы мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиялары төрағаларының қатысуымен өткізілген кеңейтілген жиын бойынша ақпарат](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/23N1kb1xamH5h6U3480Ov4TXX5Zvbn.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasy-memlekettik-organdaryny-t-rtiptik-komissiyalary-t-ra-alaryny-atysuymen-tkizilgen-ke-eyt-690713](https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasy-memlekettik-organdaryny-t-rtiptik-komissiyalary-t-ra-alaryny-atysuymen-tkizilgen-ke-eyt-690713)